Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №79 Қаулысы

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтерді және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 419 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтерді және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 419 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 272-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтерді және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдерінде:

реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi                     К. Мәсімов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу