Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі №204 Қаулысы

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына (Қазақстан РеспубликасыныңПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 626-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы ереже осы қаулыға қосымшағасәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамында:

мына:

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры, хатшы»

«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі»

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментінің директоры, хатшы»

«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші  вице-министрі».

2.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                        А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу