Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі №380 Қаулысы

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы

 

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін құру және ұзақ мерзімді кезеңге арналған реттеу саясатын қалыптастыру мақсатында                        Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің 2020 жылға дейін тұжырымдамасы бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министр Кеңсесіне жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                    К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу