26 Қараша 2019, 22:28
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 775-бабының 4-тармағына сәйкесҚазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтаруқағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу