Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 569 қаулысы

Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 720-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                         Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу