Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №857 Қаулысы

Қарағанды облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға,  порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды облысының мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

1) Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының № 15 қазақ мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі;

2) Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының № 23 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімі;

3) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Жалпы орта білім беру № 1 қазақ тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі;

4) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәкен Сейфуллиннің есімі;

5) Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 38 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қаныш Сәтбаевтың есімі;

6) «Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жалпы білім беретін № 77 мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімі;

7) «Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 58 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Нұркен Әбдіровтің есімі;

8) Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 102 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әл-Фарабидің есімі;

9) «Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 92 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәкен Сейфулиннің есімі;

10) Қарағанды қаласының әкімдігі «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 103 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлімхан Ермековтің есімі;

11) «Саран қаласы әкімдігінің «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің № 4 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абайдың есімі берілсін.

2. Мынадай білім беру ұйымдарының атаулары:

1) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Центральный орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Сәбит Мұқанов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Новоузенка жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Ленин жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Петровка жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Гагарин орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Талғат Бигелдинов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Елтай жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің «Ақселеу Сейдімбек атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу