Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 634 қаулысы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

2. Бағдарламаның іске асырылуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де ұйымдар (келісім бойынша):

1) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 143 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрi                  Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу