Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы №390 Қаулысы

Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнаулы бағдарлама)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы отырысында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса  беріліп  отырған  Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге
    үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидалары (Арнаулы бағдарлама) (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
  2. Алматы,   Атырау,  Маңғыстау,  Түркістан  облыстарының  әкімдері, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы:
  1. Қағидаларды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
  2. Қағидалардың іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жартыжылдықта бір рет  ақпарат ұсынып тұрсын.
  1. Қазақстан   Республикасының   Білім  және  ғылым  министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, ағымдағы жылғы
    25 желтоқсанға дейін Қағидалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынып тұрсын.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
    он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                           Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу