Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы №654 Қаулысы

«Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2014 жылға қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 224 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2014 жылға арналған қаражатты бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 224 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«5.1-мақсат. Мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың қызметін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту» деген бөлімде:

реттік нөмірі 1-жолдың 4-бағандағы «8 590» деген сандар «8 931» деген сандармен ауыстырылсын;

«5.1.4-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасында қайтымсыз шығындарды азайту» деген бөлімде:

4-бағанда:

реттік нөмірі 1-жолдағы «1 377 467» деген сандар «1 819 420» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 2-жолдағы «732 053» деген сандар «751 225» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

«

3

Апаттар медицинасы қызметін                  көп бейінді госпитальмен жарақтандыру

ТЖМ

322 556

»;

«Барлығы» деген жолдағы «2 868 744» деген сандар «3 652 766» деген сандарменауыстырылсын.

         2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу