Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 272 қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.

2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   А.Мамин

 

ҚР Үкіметінің2019 жылғы « 13 » мамырдағы № 272 қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

  1. «Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
    2008 жылғы 13 мамырдағы № 456 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 243-құжат).
  2. «Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі       № 969қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 500-құжат).
  3. «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы                             20 қазандағы № 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж.,           № 56, 542-құжат).
  4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы               21 қаңтардағы № 25 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж.,                   № 14, 172-құжат).

_____________________________

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу