Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №54 Қаулысы

Алматы облысының кейбір білім беру және спорт ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы                           № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі                      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Мынадай білім беру және спорт ұйымдарына:

1) Қарасай ауданы «Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – Жазкен Жиембаевтың;

2) Ақсу ауданы әкімдігінің «Өнер мектебі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына – Исатай Исабаевтың;

3) «Ақсу ауданы Әкімінің аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына – Молықбай Байсақұлының;

4) Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы орталық стадионға – Есмұрат Сиқымовтың;

5) Көксу ауданы «Балпық би кентіндегі қазақ орта мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесіне – Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің;

6) Іле ауданы «№ 22 орта мектеп» мемлекеттік мекемесіне – Тұрғанбек Қатаевтың есімдері берілсін.

2. Мынадай білім беру ұйымдары:

1) Ақсу ауданының білім бөлімі «Құрақсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Құдаш Мұқашев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Ақсу ауданының білім бөлімі «Қызылорақ орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Бижарас Садырбайұлы атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Жамбыл ауданы «Қарғалы № 1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі – «Социалистік Еңбек Ері Құдыс Әбсәметов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

4) Көксу ауданы «Қазақстанның 10-жылдығы атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

5) Қаратал ауданы «Фрунзе атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі – «Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі;

6) Қаратал ауданы «Дзержинский атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Рақымжан Қошқарбаев атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

7) Қаратал ауданы «Тельман атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі «Көкдала орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

8) Еңбекшіқазақ ауданы «Түрген қазақ орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Абыхан Жексембеков атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу