Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі №266 қаулысы

Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретiнде байланыс желісін иеленетін және (немесе) оны басқару немесе пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының, сондай-ақ үлестерінің, пайларының 10 пайыздан астамын жеке және заңды тұлғалардың сатып алуын немесе меншiкке өзгеше алуын келісу қағидаларын бекіту туралы

 

 «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретiнде байланыс желісін иеленетін және (немесе) оны басқару немесе пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының, сондай-ақ үлестерінің, пайларының 10 пайыздан астамын жеке және заңды тұлғалардың сатып алуын немесе меншiкке өзгеше алуын келісу қағидалары бекітілсін. 

2. «Жеке және заңды тұлғалардың телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардағы акцияларды, үлестердi, пайларды меншiкке сатып алуын келiсу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 1085 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                    О. Бектенов

 

 

 

Қосымша

Өтінішхат

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу