Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы №3 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамытуға арналған ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №772 қаулысымен енгізілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамытуға арналған ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынсын.

 

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы                                                                             Ә. Смайылов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу