Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «09» қарашадағы № 683 қаулысы

Қостанай облысының Рудный қаласы, Қостанай және Таран аудандарының шекараларын (шегін) өзгерту туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 5) тармақшасына, 108-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы

8 желтоқсандағы Қазақстан   Республикасының Заңы 11-бабының  2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес облыстық маңызы бар Рудный   қаласының шекараларына (шегіне) Қостанай және Таран аудандары  жерлерінің жалпы ауданы 5288 гектар бөлігін қосу жолымен Қостанай облысы Рудный қаласының, Қостанай және Таран аудандарының шекараларын (шегін) өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қостанай облысы   Рудный қаласының, Қостанай және Таран аудандарының әкімшілік     шекараларын (шегін) өзгерту туралы ұсынысты келісуге енгізу туралы»     Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 400 шешіміне және Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 3 қаулысына келісім берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                  Б. Сағынтаев

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу