Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 09 маусымдағы №629 Қаулысы

«Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1299 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 40, 598-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру         ережесінде:

17-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) калибрі 5,6 миллиметрден асатын ойық қару патрондарының әр  бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің отыз бестен бір бөлігіне дейін сыйақы;

калибрі 5,6 миллиметр (ұсақ калибрлі) ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жүз он бестен бір бөлігіне дейін сыйақы белгіленеді.»;

21-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                  К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу