19 Ақпан 2021, 10:05
«Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №1210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №1210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №71,
643-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1 |
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу