Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы №834 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы №441 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы №441 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №17, 193-құжат) қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларда:

«3. Жеке және заңды тұлғалардың жердің барлық санаттарында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз өндіргені, дайындағаны, зақымдағаны немесе жойғаны үшін» деген бөлімде:

реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Ағаштың, бұтаның, лиананың әрбір данасы үшін:

1) өсуін тоқтату дәрежесіне жеткізбей зақымданған кезде

2) жойылған немесе өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымданған кезде

 

500,0

 

1000,0

»;

мынадай мазмұндағы 4-бөліммен толықтырылсын:

«4. Қалалар немесе елді мекендер шегінде өсетін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, зақымдағаны немесе жойғаны үшін

 

Р/с №

 

Ағаштар мен бұталардың тұқымы

айлық есептік көрсеткіштермен алғанда бір ағаш үшін залалды өтеу мөлшері

ағаштар мен бұталардың жасы, жыл

10-ға дейін

11-ден 20-ға дейін

21-ден 30-ға дейін

31-ден және одан жоғары

1

Қарағай

15

25

35

45

2

Шыршаның барлық түрі

15

25

35

45

3

Самырсын

15

25

35

45

4

Балқарағай

17

27

37

47

5

Ағаш тектес арша

14

24

34

44

6

Емен, шаған

60

70

80

90

7

Үйеңкі, шегіршін, жөке

10

20

30

40

8

Қайың

12

22

32

42

9

Көктерек, ағаш тектес тал, терек

10

20

30

40

10

Грек жаңғағы, шекілдеуік

жаңғақ

50

60

70

80

11

Өрік, ақ қараған, алша,

долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, орман алма

ағашы

10

20

30

40

12

Арша, төсенішті

самырсын

12

22

32

42

13

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, басқа да бұталар

9

19

29

39

».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                    А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу