Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 08 қазандағы №1266 Қаулысы

 «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
реттік нөмірі 442-жол мынадай редакцияда жазылсын:

 
«    442    Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру     Жеке және заңды тұлғалар     ІІМ
    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті және Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары     Ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөлімшелері     Қағаз түрінде (рұқсаттама)  ».    

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ

Стандарт

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу