Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы №466 Қаулысы

Қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді және Қатысушы банк пен салымшы арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты бекіту туралы

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім;
2) Қатысушы банк пен салымшының арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарт бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                          С.АХМЕТОВ

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу