Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 тамыздағы №868  Қаулысы

«Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 834-құжат)мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және стратегиялық объектiлердің меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау тәртібін айқындайды.»;

2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) банкроттықты басқарушы – банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган тағайындаған тұлға.»;

2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау тәртібі»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін Стратегиялық объектiнің меншiк иесі (құқық иеленушi), оңалтушы (банкроттықты) басқарушы не кепіл ұстаушы уәкілетті органға осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті және тізбесі Заңның 188-бабының 1 және/немесе 2-тармағында көзделген құжаттарды жібереді.»;

көрсетілген Қағидаларға қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң)
оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларына қосымша».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу