Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 05 шілдедегі №918 Қаулысы

Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы

 «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квота белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);
3) «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы) бекітілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі     К. Мәсімов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу