Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 04 ақпандағы №55 Қаулысы

«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы     № 200 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 22,               279-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының    Премьер-Министрі                                                        С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу