Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 04 ақпандағы №46 Қаулысы

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он икүн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                                                       С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу