Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 03 қыркүйектегі №653 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері»  туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы

№ 1111 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж.,
№ 40, 522-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

орталық аппараттың функциялары:

мынадай мазмұндағы 153) тармақшамен толықтырылсын:

«153) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене
шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                                                                       А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу