26 Қараша 2019, 23:42
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7 |
Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық шеберлік біліктілігі бар мұғалімдеріне, педагог-психологтарына: |
Педагогика лық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы | Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға нақты жүктемені ескере отырып белгіленеді. | |
- педагог-шебер | ЛА-дан 50 % | |||
- педагог-зерттеуші | ЛА-дан 40 % | |||
- педагог-сарапшы | ЛА-дан 35 % | |||
- педагог-модератор | ЛА-дан 30 % |
»;
көрсетілген қаулыға 18-қосымшада:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
12 | Ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы | |||
Ғылым кандидаттарына, философия докторларына (PhD), бейіні бойынша докторларға | 17 АЕК | Көрсетілген қосымша ақы біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау жөніндегі уәкілетті орган берген тиісті дипломы болған кезде белгіленеді және негізгі жұмыс орны бойынша төленеді. | ||
Ғылым докторларына | 34 АЕК |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 4-қосымшаның реттік нөмірі
7-жолындағы 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін өзгерісті қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу