Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 02 қыркүйектегі №648 Қаулысы

Алматы және Жамбыл облыстарының шекараларын өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-1) тармақшасына және Алматы мен Жамбыл облыстарының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Алматы облысының Жамбыл ауданы жерлерінің жалпы ауданы 1091,78 гектар бөлігін Жамбыл облысы Қордай ауданының шекарасына қосу жолымен Алматы және Жамбыл облыстарының шекаралары өзгертілсін.

2. Алматы және Жамбыл облыстарының жергілікті атқарушы органдары осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының    Премьер-Министрі                                                                        А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу