Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 02 шілдедегі №762 Қаулысы

Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы

 

«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 72-бабының 7-тармағына және 88-бабы 3-тармағының  5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны;

2) банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны;

3) мақта өндеу ұйымдары кредиторларының талаптары тізілімінің нысаны;

4) астық қабылдау кәсіпорындары кредиторларының талаптары тізілімінің нысаны;

5) Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 1437 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 100-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 951-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 15-тармағы.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

Қосымша 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу