Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы №30 Қаулысы

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 696-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлері айқындалсын.
  2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі,
    2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.

 

Қосымша

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi                                                                         А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу