Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 01 қазандағы №728 Қаулысы

СЭҚ ТН 7208, 7209, 7210, 7225 кодтары бойынша суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатқа баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы

«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған СЭҚ ТН 7208, 7209, 7210, 7225 кодтары бойынша суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатқа баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.
  3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                              А. Мамин

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу