Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №51

2020 жылғы 2-7 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

2020 жылғы 4 наурызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі кеңеске қатысты

Асқар Мамин Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысына қатысты

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары және Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы қаралды. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартиді қабылдады. Тараптар Қазақстандағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыруға ЕҚҚДБ-ның алдағы қатысуын талқылады.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу