ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

2020 жылғы 23 мамырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды, онда ауыл шаруашылығы және су шаруашылығының, сондай-ақ тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның дамуын тексерді. 

  • Ақсу ауданында А. Мамин жобалық қуаттылығы 42 млн м³ болатын Қызылағаш су қоймасының реконструкциясымен танысты. Алдағы вегетация кезеңінде су қоймасы суармалы жерлердің аумағын кеңейтіп, сумен қосымша 7 мың га алқапты қамтамасыз етуге жол ашады.

  • Үкімет басшысына Алматы облысының ирригациялық жүйесін жаңғырту жобалары туралы баяндалды. Бүгінде өңірде ирригациялық желілерді реконструкциялау жұмыстары белсенді түрде қолға алынған. Алматы облысында ирригациялық желілердің ұзындығы — 16,6 мың шақырым. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Осыған байланысты өңірде су шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

  • Премьер-Министр Алматы облысының Балқаш, Ескелді және Талғар аудандарының жетекші шаруа қожалықтарының тәжірибелік демонстрациялық алаңдарын, сүт-тауар фермаларын және материалдық-техникалық базасын аралап көрді.

  • А. Маминге өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария салаларындағы отандық ғылыми-зерттеу институттарының әзірлемелері, қарқынды егіншілік, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы, ет пен сүт өндірісін кеңейту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту жобалары таныстырылды.

  • Талдықорған қаласында Премьер-Министр тұрғын үй инфрақұрылымының дамуын, өңірді газдандыру жұмыстарының барысын, сондай-ақ «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларының іске асырылуын және т. б. тексерді. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу