13 Ақпан 2020, 20:02
2020 жылғы 13 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан қаласына барып, онда әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік мақсаттағы ғимараттардың құрылыс алаңдарын аралап көрді.
ҚР Премьер-Министрі болашақ халықаралық әуежай ғимаратына барды.
Асқар Мамин әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік мақсаттағы ғимараттардың құрылыс барысын тексерді.
Қазақстан Премьер-Министрі Оқушылар сарайына барып, салынып жатқан департаменттер ғимаратын, конгресс-холлды, бассейні бар мектеп сарайын, 7000 орынға арналған стадионды, Қазақ драма театры ғимаратын, сондай-ақ аттракциондары бар қалалық саябақты аралап көрді.
Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі салынып жатқан тарихи-мәдени орталықтың, «Ұлы дала елі» орталығының, Қ. А. Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің ұлттық орталығының, визит-орталығының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңын тексерді.
Сонымен қатар Үкімет басшысы қонақ үй-туристік нысандардың құрылысын қарады.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу