ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

Биылғы 25-26 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасына барып қайтты. 

  • 25 ақпанда Ташкент қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік-көліктік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тоқыма, автомобиль жасау, мәдени-гуманитарлық, туристік, экологиялық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ауқымды мәселелері талқыланды.

  • Сәрсенбі күні Хорезм облысының Үргеніш қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз өткізді.

  • Осы күні ҚР Премьер-Министрі Қазақстан мен Өзбекстанның Аймақаралық ынтымақтастығының ІІ форумына қатысты. Форум аясында аймақтық бизнестің агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм салаларындағы ынтымақтастығы қаралды.

  • Форум соңында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы 52 құжатқа, оның ішінде Форумның Қорытынды декларациясына, сондай-ақ машина жасау, ауыл шаруашылығы, қаржы-банк, өнеркәсіп, инфрақұрылым, фармацевтика және басқа да салаларда жалпы сомасы $500 млн жуық болатын ведомствоаралық, аймақаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу