27 Ақпан 2020, 19:56
2020 жылдың 27 ақпанында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, онда балық шаруашылығы саласы мен өнеркәсіптің дамуымен танысты.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасында балық шаруашылығы саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Асқар Мамин «Сaspian Royal Fish» ЖШС, «Амангелді атындағы» ЖШС, «Інжу-Маржан» ЖШС өнімдері ұсынылған ҚР балық шаруашылығы саласындағы жетістіктер көрмесін аралап көрді.
А. Мамин Атырау бекіре балық өсіру зауытына, «Амангелді атындағы» ЖШС және «Caspian Royal Fish» кәсіпорындарына барып, онда өңірдегі балық шаруашылығының дамуымен танысты.
Премьер-Министр сонымен қатар мұнай-газ саласы үшін жабдықтар мен құрауыштарды өндіретін кәсіпорындар — «Каспий Плюс», «International Pipeline Structure Solutions Caspian», «Caspian Contractors Trust Atyrau» ЖШС-ларын аралады.
Үкімет басшысы Қашаған кен орнында ілеспе газ өңдеу зауытын салу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу