Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №38

2019 жылғы 11-17 қараша арылығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі Кеңестің отырысын өткізді. Отырыс барысында осы жылдың мамыр айында өткен Кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

  • Сейсенбі күні кезекті ҚР Үкіметінің отырысында 2019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды. Мәселені қарау қорытындысы бойынша, Премьер-Министр экономиканың сапалы әрі тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін инвестициялар тартуға, жұмыс орындарын құруға, өнімділікті арттыруға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға барлық күш-жігерді жұмсау қажет екенін атап өтті. 

  • Асқар Мамин Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Марк Хортонның жетекшілігімен Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сарапшыларымен кездесу өткізді. Үкімет басшысына Қазақстандағы экономикалық ахуал туралы ХВҚ сараптамалық бағалаулары мен болжамдары ұсынылды, олар биылғы қараша айындағы Қор қызметкерлерінің Қазақстан Республикасына сапарының қорытындысы бойынша миссияның Қорытынды мәлімдемесіне енгізілген. 

  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарышкерлік бесігі» форумының ашылуына қатысты. Үкімет басшысы «Роскосмос» корпорациясының басшысы Д. Рогозинмен және «One Web» компаниясының қаржы директоры Т. Уэйнмен кездесулер өткізді, олармен Қазақстанның ғарыш саласын дамыту мәселелері талқыланды. шараға әлемнің 25-тен астам елінен 650 қатысушы қатысты. 

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Катар Премьер-Министрінің орынбасары Хамад бин Абдулазиз әл-Каваримен келіссөздер өткізді.Тараптар туризм, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Азия даму банкінің (АДБ) президенті Такехико Накаоны қабылдады. Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы және «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылды дамытуды қолдау, тұрғын үй құрылысы, туризм және ҚР экономикасының басқа да салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасының іске асырылуын бақылау аясында өңірге жұмыс сапарымен барды

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин және Азия даму банкінің (АДБ) президенті Такехико Накао АДБ мен ҚР Үкіметі арасындағы «Қазақстанның ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін дамыту» форсайт сессиясына қатысты. Қатысушылар форсайттың әдістемесі мен халықаралық тәжірибесін қарастырды, сондай-ақ 5 сектор бойынша жол карталары мен іс-қимыл жоспарын талқылап, әзірледі: агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған инфрақұрылым, туризм экономиканың басты бөлігі ретінде, қалдықтарды өңдеу үшін «ақылды қала» қосымшасы, ҚР индустриялық-инновациялық дамуы үшін форсайт, өңірлік даму арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру. 

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды, онда тұрмыстық химия тауарлары мен жуу құралдарын шығаратын «Рим – ҚазАгро» ЖШС фабрикасының ашылу рәсіміне қатысты, Қазақстанның машина жасау саласының көшбасшыларының» технологиялық жаңғыртылу барысымен танысты, көпбейінді облыстық аурухана құрылысы жүргізіліп жатқан жерде капсула салу рәсіміне қатысты.  

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының (ӨР) ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Ходжаевтың жетекшілігімен келген делегацияны қабылдады. Келіссөздер қорытындысы бойынша Үкімет басшысының қатысуымен екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері ҚР мен ӨР арасында ауыл шаруашылығы саласында орташа мерзімді преспективаға ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі Жол картасына қол қойды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу