ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Атырау облысына жұмыс сапарының қорытындылары бойынша видеодайджест

  • А.ж. 17-18 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Атырау облысына жұмыс сапары барысында мұнайгаз саласы кәсіпорындарын аралап, жаңа өнеркәсіптік нысандардың салыну барысымен танысты және жергілікті қамтуды, мұнайгаз машинажасауды дамыту және ҚР еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
  • ҚР Үкіметінің басшысы салынып жатқан «Теңіз» кен орны үшінші буын зауытына барды, ол «Теңізшевройл» ЖШС жүзеге асырып жатқан Болашақ кеңейту жобасы аясында салынып жатыр.  
  • ҚР Премьер-Министрі сонымен қатар Қашаған кен орнын және мұнай өндіріліп, оны «Болашақ» зауытына құбыр желісі бойынша одан әрі тасымалдаумен бірінші реттік сеперация жүргізілетін Д жасанды аралын ұшумен аралады. 
  • Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Үкіметінің басшысы жергілікті қамтуды дамыту, мұнайгаз машинажасау, ҚР еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
  • Кеңесте ҚР еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері, атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушылардың кәсіпорындарда жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайлары мен тұруын қамтамасыз ету бойынша мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты вертикальді бақылауды енгізу талқыланды.
  • Сонымен қатар өңірге жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі «АМӨЗ» ЖШС мұнайды терең өңдеу кешенін, «АтырауМұнайМаш», «Ұлттық индустриялық мұнайхимия технопаркі» АЭА, «Полимер Продакшн», «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.», «Karabatan Utility Solutions», «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытын, «Шеврон Мұнайгаз Инк.», түрлі маркалы оптикалық кабель шығаратын зауытты т. б. аралады.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу