Қазақстанның батыс аймақтарында және Қызылорда облысында коронавирустық инфекция оқиғасы тіркелген жоқ

Үкімет делегациясының Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарына сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары әр облыстағы туберкулезге қарсы диспансерлерде және жұқпалы аурулар ауруханаларында болды.

«Біздің елімізде коронавирустың таралуын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылданғанын білесіздер. Өкінішке қарай, біздің елде коронавирус қаупі туралы ақпарат расталды. Бүгін біздің алдымызда коронавирустық пневмонияға қарсы тұру маңызды міндеті тұр», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Аурудың алдын алу үшін еліміздің аймақтарында оқшаулануға арналған ауруханалар дайындалған.  Бұған дейін хабарланғандай, облыстардағы барлық медициналық мекемелер белсенді жұмыс істеп, шекаралық карантин бекеттері құрылды, медицина қызметкерлері оқытылып, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді.

Маңғыстау облысында 60 ​​төсек-орындық Маңғыстау облыстық ауруханасының инфекциялық бөлімі, 280 төсек-орындық облыстық туберкулезге қарсы диспансері (фармацевтикалық аурухана) жұмыс істейді. 70 төсек-орындық Жаңаөзен қаласындағы көпсалалы аурухананың инфекциялық бөлімі және облыста 7 санитарлық карантин пункті бар.

Атырау облысында барлық медициналық нысандар белсенді  жұмыс істеуге көшті, шекаралық карантин бекеттері құрылды, медицина қызметкерлері оқытылып, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, аймақта желдетудің 12 механикалық құрылғысы және 100 орындық оқшауланған ғимарат бар.

Ақтөбе облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар аясында қажетті шаралар қабылдануда. 130 кереуетке арналған төсек қоры, модернизацияланған материалдық-техникалық базасы бар инфекциялық ауруханасы, 200 орындық фармацевтикалық аурухана, 500 орындық  обсервация бар. Мекемелер қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, медицина қызметкерлері оқытылды.

Батыс Қазақстан облысында барлық медициналық ұйымдар жеке қорғаныс құралдарымен, дәрі-дәрмектермен және қажетті дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға 38,9 млн теңге бөлінді. Облыста инфекциялық, алдын-алу және карантиндік орындар анықталды. Облыстың медициналық мекемелерінде 194 төсек орналастырылған.

Коронавирустық инфекцияға күдікті науқастар жоқ. Басқа елдерден келгендерге  тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

Қызылорда облысында коронавирустық инфекция тіркелмеген. Облыста 100 орындық провизорлық стационар және 400 орындық карантин орталығы қажетті құрал-жабдықтармен, медициналық қорғаныс құралдарымен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Сонымен қатар ҚР Үкіметі қабылдаған шараларға сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін қажетті  шаралар қабылдануда.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары короновирус инфекциясы бар науқастарға медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық ұйымдардың дайындығы мен жабдықталу деңгейімен танысу нәтижелері бойынша қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық ұйымдарды қажетті медициналық жабдықтармен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ инфекциялық ауруханалардың пациенттерді қабылдауға  дайындығы мен қажет болған жағдайда қосымша орындарды жедел беру қажеттілігі  және эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуге ерекше назар аударылды.

Еске салайық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Премьер-Министрдің басшылығымен елдегі экономикалық жағдайдың дағдарысқа қарсы жоспарын әзірлеу үшін жедел әрекет ету штабы құрылды.

Мемлекет басшысы Үкіметке халық алдындағы барлық міндеттемелерді толығымен орындауды, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырды.13-15 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкімет делегациясы Қазақстанның бес облысында болды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу