ҚР Үкіметінің отырысы, 05.05.2020

5 мамырда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

— Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басуына қатысты мәселе қаралды. Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев баяндама жасады. Премьер-Министр А. Мамин өз кезегінде Үкіметтің зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсететінін атап айтты

— Сонымен қатар Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру мәселесі қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Алматы облысының әкімі А. Баталов, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев баяндама жасады

— Үкімет басшысы барлық мемлекеттік органдарға жұмыспен қамту бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді, ал Еңбек министрлігіне Жұмыспен қамтудың жол картасының, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын құру және халықты жұмысқа орналастыру тұрғысынан басқа да мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу