13 Тамыз 2019, 11:54
13 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
— Отырыста ҚР 2019 жылғы қаңтар–шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің орындалуы, жаңа 2019–2020 оқу жылының басталуына дайындық мәселелері қаралды.
— ҚР 2019 жылғы қаңтар–шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, ҚР бірінші қаржы вице-министрі Б. Шолпанқұлов, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Е. Досаев баяндады.
— ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр 2019 жылғы қаңтар–шілде айларындағы өнеркәсіп салаларын дамыту туралы баяндады.
— Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Алматы облысының әкімі А. Баталов, Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов тыңдалды.
— Жаңа оқу жылының басталуына дайындық туралы ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновтың баяндамалары тыңдалды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу