Кәдеге жарату алымын енгізу ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасына ықпалын тигізбейді – ҚР ИИДМ

Кәдеге жарату алымын жаңадан өндірістен шыққан және әкелінген астық жинау комбайндары мен тракторларға енгізу жоспарлануда. Бұл техника отандық кәсіпорындарда өндіріледі және нарықты қымбаттатпай қанықтыру үшін қажетті көлемнің барлық спектрін ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР ИИДМ вице-министрі Аманияз Ержанов айтты.

«Егер біз нарықты қажетті техникамен жабдықтайтын болсақ, ауыл шаруашылығы өнімдері бағасы қымбаттай қоймайды. Бұл норма ауыл шаруашылығы өнімдері мен өсімдік шаруашылығы өнімдеріне қатысты емес. Сондықтан кәдеге жарату алымын енгізу жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту есебінен бұрын импортталатын техника үлгілерін оқшаулауға, олардың өзіндік құнын азайтуға, елдегі ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратудың толыққанды жүйесін құруға мүмкіндік береді. Аграрлық салаға отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдік сертификаты мен жеңілдікті лизинг беру есебінен техника паркін жаңартуға, ынталандыру шаралары есебінен отандық техниканың құнын сақтауға және «Өнеркәсіптік жинақтау туралы» келісім шеңберінде оқшаулау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Аманияз Ержанов.

Вице-министрдің мәліметінше, өткен жылдың наурыз айында «Атамекен» ҰКП 2019 жылдың 1 шілдесінен кейін келесі іс-шараларды орындау арқылы ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымын енгізуді қолдады:

- кәдеге жарату алымын енгізуді 1 жылға кейінге қалдыру;

- Қазақстанда өндірілмейтін немесе жеткіліксіз мөлшерде өндірілетін техникаға кәдеге жарату алымын енгізбеуге;

- бұрын тіркелген ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жаратуды енгізбеу;

- техника құнының 25% субсидиялауды енгізу (ҚР АШМ бұйрығымен 2018 жылдың шілде айында енгізілді);

- техниканы сатып алу үшін төмен пайыздық жеңілдікті бағдарлама әзірлеу (2018 жылдың шілде айында енгізілді);

- ескі ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсыру кезінде жеңілдік сертификатының бағдарламасын енгізу (заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді, кәдеге жарату алымын енгізу кезінде автоматты түрде жұмыс істейді);

- оқшаулау бойынша міндеттемелерді енгізу (ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы Келісім 2019 жылдың наурыз айында енгізілді).

Заңды іске асыру үшін ҚР Энергетика министрінің м.а. және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірлескен бұйрығымен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін ынталандыру ережесі бекітілді. Мәселен, отандық техниканың құны артпайды. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы техникасы бөлігінде олар кәдеге жарату алымын енгізгеннен кейін ғана күшіне енеді. Бұдан басқа, көрсетілген бұйрыққа сәйкес пайдаланудан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға өткізуді ынталандыру жөніндегі бағдарлама көзделген.

Пайдаланудан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын (АШТ) тапсыру бағдарламасы іске қосылды, мұнда кәдеге жаратуға тапсырылған ескі техниканың орнына жаңа отандық АШТ сатып алу кезінде жеңілдік сертификаты берілетін болады, кәдеге жарату алымы енгізіле отырып берілетін болады. Жеңілдік сертификатының номиналын 1,5 млн теңгеден 3 млн теңгеге дейін орнату ұсынылады, екі сертификатты пайдаланған кезде жеңілдік 3 млн теңгеден 6 млн теңгеге дейін құрауы мүмкін, осы жеңілдікті лизинг бағдарламасында бастапқы жарна ретінде пайдалануға болады. Тасымалдау шығындарын ӨКМ операторы өзіне алады. Бүгінгі күні комбайнды металл сынықтарына тапсыру кезінде өтемақы 300 мың теңгені құрайды және тасымалдау өздігінен жүзеге асырылады

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу