Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен толықтыру үшін қажетті жағдайлар жасалған — ҚР АШМ 

Сейсенбі, 17 Наурыз 2020, 11:36:26

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешенді ынталандыру үшін қажетті ұсыныстарды жария етті. 

Қазіргі уақытта Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен молықтыру үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Мәселен, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау 16 бағыт бойынша субсидияның 47 түрімен жүзеге асырылуда.

С. Омаровтың айтуынша, инвестициялық субсидиялау, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, мал шаруашылығының өнімділігін және өңдеуге тапсырылған шикізаттың құнын арттыруды субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау бағдарламалары жұмыс істейді, сондай-ақ минералды тыңайтқыштарды, пестицидтер мен тұқымды арзандату жөніндегі базалық субсидиялар қолданылады. «ҚазАгро» холдингінің даму институттары арқылы жеңілдікпен несие беру жүзеге асырылуда.

Бұдан өзге агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін жеңілдікті салық режимдері, атап айтқанда, заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимі, шаруа және фермер қожалықтары үшін оңайлатылған бірыңғай жер салығы әрекет етеді.

«2019 жылы өткен жылдардың борыштарын өтеуді есепке алғанда, мемлекеттік қолдау сомасы шамамен 324 млрд теңгені құрады. 2020 жылға субсидия көлемі 294 млрд теңгені құрайды», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

Импорт алмастыруға арналған рентабельділігі жоғары дақылдар мен азықтық дақылдар өндіруге басымдық беріп, ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мен тұтыну теңгеріміне сүйене отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жұмыстары жалғасын табатын болады.

Бұл ретте, монодақылдар өндіруден рентабельділігі жоғары дақылдарды өндіруге көшу ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін 1 гектардан түсетін табысты арттыруға мүмкіндік береді.

Халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңірлер үшін бақ өсіру басымдыққа ие болады. Бақтар алаңын 65 мың гектардан 88 мың гектарға дейін ұлғайту және алма мен жеміс-жидек өнімдерін өндіру көлемін 395,5 мың тоннадан 684 мың тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Бұл 65 мыңнан 88 мыңға дейінгі адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

«Көкөніс жеткізілімінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жылыжай алаңы 1236,7 гектардан 1700 гектарға дейін ұлғайтылады. Жабық топырақтағы көкөніс өндіру көлемінің 216,8 мың тоннадан 595 мың тоннаға дейін өсуі бағалардың маусымдық жоғарылауын төмендетуге, 34 мың адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді ауыл шаруашылығы министрі. 

Бұл ретте қолданыстағы инвестициялық субсидиялар және субсидиялауды есепке алғанда, жеңілдікті кредит беру бақтар отырғызып, жылыжайларды енгізуді ынталандыратын жеткілікті экономикалық жағдайлар туғызады.

Сонымен қатар, етті мал шаруашылығы мен қой шаруашылығы салалары үлкен даму әлеуетіне ие. Мұнда отбасылық фермерлік шаруашылықтар өндіріс моделінің негізі болады. Олар өткізу, оқыту және ветеринариялық қызмет көрсету мәселелерінде бірігеді. Жерүсті және жерасты суларымен қамтамасыз етілген жайылым, ауыл халқы түріндегі еңбек ресурстары сияқты барлық қажетті ресурстар елімізде етті мал шаруашылығы саласын дамыту үшін жеткілікті және саланы инвестициялық тартымды етеді.

С. Омаров атап өткендей, етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуы малшы фермерлердің жаңа сыныбын құруға мүмкіндік береді және фермер шаруашылықтары санының 20 мыңнан 65 мыңға дейін өсуіне, ірі қара мал санының 7,4 млн бастан 11,2 млн басқа дейін артуына, қой санының 19,1 млн бастан 24,3 млн басқа дейін ұлғаюына, сиыр еті мен қой етін өндіру көлемінің 672 мың тоннадан 902 мың тоннаға дейін ұлғаюына ықпал етеді және ауыл тұрғындарының 100 мыңнан 325 мыңға дейін жұмыс орындарының артуын қамтамасыз етеді.

Сүт секторында жылдам өсімге қол жеткізу үшін Министрлік жыл сайын 600 бастан басталатын 25 өнеркәсіптік тауарлық сүт фермасын және 40 отбасылық ферманы қаржыландырып, іске қосуды ұсынады.

«Біздің жоспарымыз бойынша бар-жоғы 5 жыл ішінде сүт белдеуіне кіретін аудандарда 125 өнеркәсіптік кешен іске қосылады, жалпы алғанда, олар 700 мың тоннадан астам қосымша сүт беріп, қосымша 8 мың жұмыс орнын ашады»,— деді С. Омаров. 

Бұдан өзге, құс шаруашылығын дамыту үшін кейіннен импортты алмастыру мақсатында құс етін өндіру көлемін одан әрі арттыру шаралары қабылдануда.

Бағдарлама аясында құс етін өндіру көлемі 5 жылда 2 есеге артып, 530 мың тоннаны құрайтын болады. Негізгі басымдық өнеркәсіптік фермаларды іскеасыруға бағытталады. Өндірісті арттыру қарқынын жеделдету үшін инвестор тарту жұмыстары жүргізілуде. 

Ауыл шаруашылығы министрі атап өткендей, қазіргі кезеңде нақты 11 жоба бар, оның ішінде 8 инвестициялық жоба бойынша құрылыс толығымен жүргізіліп, жыл соңына дейін оларды пайдалануға беру жоспарланып отыр. 3 жоба бойынша жобалау және қаржыландыру тетіктері қарастырылу үстінде.

«Бұл жобалар бірігіп, ішкі өндіріс көлемін қосымша 163 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді, 3 мыңнан астам жұмыс орнын құрады», — деді ведомство басшысы. 

Жалпы, көрсетілген іс-шаралардың орындалуы бизнесті мемлекеттік қолдаудың пәрменді шаралары, қолжетімді несие ресурстары, сондай-ақ көзделген мақсаттарды іске асыруға кедергі келтіретін тосқауылдарды жою арқылы жүзеге асырылады. Бұл агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және ауыл халқының табысын арттыру үшін берік негіз қаладыі.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
04 Сәуір 2020, 16:39
Электронды үкімет порталының жұмысы қазір тұрақты - А. Жұмағалиев
04 Сәуір 2020, 15:17
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларға импорттық баж салығы жойылды
03 Сәуір 2020, 13:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №160 Қаулысы
03 Сәуір 2020, 13:17
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді
02 Сәуір 2020, 20:40
Растаушы құжаттарды тапсырмай төлемді кейінге шегеру - төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?
02 Сәуір 2020, 15:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №153 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №147 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №126 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №124 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №123 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №122 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:52
Қазақстан Республикасы Үкіметініңі 2020 жылғы 16 наурыздағы №116 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №115 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 11:51
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру 7 мың жобаны қамтиды — ҚР ЕХӘҚМ 
02 Сәуір 2020, 10:42
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыруға жұмсалатын шығындар 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады — ҚР Қаржы министрлігі 
02 Сәуір 2020, 10:20
Үкімет азаматтар мен бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қабылдады
02 Сәуір 2020, 10:13
ШОБ биылғы 1 қазанға дейін салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады — ҚР ҰЭМ
01 Сәуір 2020, 20:17
Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады 
01 Сәуір 2020, 10:32
2 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
22 Наурыз 2020, 13:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53
21 Наурыз 2020, 16:09
Қ. Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
21 Наурыз 2020, 14:50
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
21 Наурыз 2020, 12:34
Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:06
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 08:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
21 Наурыз 2020, 08:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы
20 Наурыз 2020, 17:52
А. Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен және ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
20 Наурыз 2020, 12:00
Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді — Е. Тоғжанов
20 Наурыз 2020, 11:53
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
20 Наурыз 2020, 11:29
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.