2020 жылы Үкімет Парламенттің қарауына 16 заң жобасын ұсынады 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспары қаралды. 

Әділет вице-министрі Н. Пан Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарының жобасы Елбасы Н. Назарбаевтың стратегиялық нұсқаулары мен Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын ескере отырып әзірленгенін атап өтті. Құжат әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт саласын, арнайы тауарларды бақылау, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары, визуалдық ақпарат және т. б. салаларды одан әрі дамытуға бағытталған 16 заң жобасын әзірлеуді қарастырады. 

Жоспарланған заң жобалары Президент Қ. Тоқаевтың Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарымен толық сәйкес келеді және халық үшін маңызды салаларда құқықтық қатынастарды жетілдіруге бағытталған.

«Әділет министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, енгізіліп жатқан заң жобаларының сапасына ерекше назар аудару керек», — деді А. Мамин.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу