Роман Скляр елордада электр энергиясының ажыратылу себептерін анықтау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Нұр-Сұлтанның сол жағалауында электр энергиясының өшіп қалу себептерін анықтау және осы проблеманы шешу үшін алдын-ала шаралар қолдану мақсатында құрылған арнайы комиссияның алғашқы отырысы өтті. 

Отырыс аясында Энергетика министрлігіне жарықтың ажырау себептерін анықтау үшін шұғыл түрде сараптама жүргізу тапсырылды, алдағы уақытта осындай жағдайлар қайталанбауы үшін тиісті тексеріс жүргізу қажеттігі аталып өтті. 

Комиссия жұмысы оперативті режимде жалғасуда. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу