Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер нәтижелері: көмір транзитінің көлемі ұлғайтылды

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан көмірінің РФ аумағы арқылы Украинаға транзиті мәселесі бойынша келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан тарапы транзиттің рұқсат етілген көлемін айына 140 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік алды. 

Бұдан бұрын, ағымдағы жылдың шілдесінен бастап рұқсат етілген транзит көлемі ай сайын 90 мың тоннадан аспаған еді. 

ҚР Сауда және интеграция министрлігі ресейлік әріптестермен осы жылғы жаздың соңынан бастап шектеулерді алып тастау жөнінде келіссөздер жүргізді. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу