Жаңа кен орындарының ашылуы, инвестициялық әлеуетті дамыту және жас кадрларды даярлау — С. Брекешев Қазақстанның геологиялық саласы туралы айтты

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандағы минералдық-шикізат базасының қазіргі жай-күйі туралы баяндады. Оның айтуынша, елімізде пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансында жалпы 8 мыңнан астам кен орны тіркелген, оның ішінде көмірсутектер – 317, қатты пайдалы қазбалар – 910, кең таралған пайдалы қазбалар – 3 мыңнан астам және 4 мыңға жуық жер асты суларының кен орындары.

Саланың маңыздылығын атап өтіп, С. Брекешев оның халық шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесін ескеру қажет екенін айтты.

«Геологтардың еңбегінің арқасында экономиканың тұрақты дамуын және мемлекеттің материалдық әл-ауқатын қамтамасыз ететін кен орындары ашылды. Айта кету керек, көптеген қалалар геологтардың қызметінің нәтижесінде өсті. Бұл Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Степногорск, Рудный, Зырян, Риддер, Хромтау, Жаңаөзен және т. б. жерлер», — деді ол.

Қазақстан Республикасында мұнайдың баланстық қоры 4,4 млрд тоннаны, газ 3,8 трлн текше метрді, конденсат 414 млн тоннаны құрайды. Олардың басым бөлігі Атырау және Маңғыстау облыстарында шоғырланған. Бұл ретте көмірсутек шикізаты қорының 68%ы 3 ірі кен орындарының, атап айтқанда Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ үлесіне тиесілі.

Қатты пайдалы қазбалар қорын есептеу металл пайдалы қазбалардың 37 түрі және бейметалдардың 65 түрі бойынша жүргізіледі.

Облыстар бойынша қатты пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерінің — алтын, мыс, қорғасын, мырыш қорлары мынадай:

  • алтын — ШҚО (36%), Ақмола облысы (21%), Қарағанды облысы (11%);
  • Мыс қорларының 82%-ы елдің шығыс және орталық өңірлерінде шоғырланған;
  • үш мыңнан астам қорғасын-мырыш кен орындары Орталық, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған.

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келетін болсақ, мұнда елдің тәуелсіздік жылдарында елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға және 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламалары іске асырылған. 2016 жылдан бастап нысаналы индикаторлар министрліктің стратегиялық жоспарына ықпалдастырылған.

Жалпы, 2020 жылға дейін іске асырылды:

  • 1180 мың км2 алаңдағы болжамды ресурстарды бағалай отырып, 1:200000 (ГДП-200) масштабтағы алаңдарды геологиялық жете зерттеу; 
  • 153,1 мың км2 алаңда масштабы 1:200000 (ТМК-200) геологиялық-минерагендік картаға түсіру;
  • 180,2 мың км2 алаңда 1:200000 масштабтағы (МҚК-200) терең геологиялық картаға түсіру жүргізілді;
  • 63,2 мың км2 алаңда масштабы 1:200000 инженерлік-геологиялық зерттеулермен гидрогеологиялық жете зерттеу;
  • іздестіру-барлау жұмыстары 2965 ауылды жер асты су қорымен қамтамасыз ету үшін жүргізілді;
  • 123 кен орнының жер асты суларының қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау.

2015 жылы іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу функциясы облыс әкімдіктеріне берілді. 2001 жылдан бастап қатты пайдалы қазбаларды ауқымды алаңдық іздестіру жұмыстары қайта жанданды.

Алаңдарды геологиялық жете зерттеу, геологиялық-минерагендік картаға түсіру және перспективалық алаңдар бойынша терең геологиялық картаға түсіру нәтижесінде алтынның – 12,7 мың тонна, мыстың – 195,3 млн тонна, полиметалдың – 193,6 млн тонна, темір кендерінің – 12,7 млрд тонна, хромит кендерінің – 396 млн тонна, 227,4 млн тонна бокситтің, титан-цирконий шашпаларының және сирек металдардың болжамды ресурстары бағаланды.

Жалпы 2021 жылға арналған Қазақстан аумағының геологиялық зерттелуін қамту:

  • 1:200000 масштабтағы геологиялық түсіру (ГС – 200) — 100%,
  • 1:200000 масштабтағы алаңдарды геологиялық жете зерттеу (ГДП – 200) — 94,5;%,
  • 1:200000 масштабтағы терең геологиялық карталау (МҚК – 200) — 14,4%,
  • 1:200000 масштабтағы геологиялық-минерагендік карталау (ТМК – 200) — 12,3%.

Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік бюджет есебінен отандық геологиялық барлау компаниялары зерттеудің озыңқы әдістері түрінде мыналарды жүргізді:

- Жезқазған кен ауданында 137 мың км2 алаңда геохимиялық картаға түсіру, бұл мыс пен алтынды табуға іздеу жұмыстарын қою үшін перспективалы учаскелерді анықтауға мүмкіндік берді;

- алынған материалдар өңірлік геологиялық-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылған 75 мың км2 алаңдағы Жерді қашықтан зондтау;

- аэрогеофизикалық әдістер — жаңа аспаптарды қолдана отырып, 75 мың км2 алаңда гравибарлау, аэромагнитті және аэрогаммаспектрометриялық түсірілім құрамында болды, бұл кен аймақтарының аномалияларын анықтауға мүмкіндік берді, сондай-ақ Қазақстанның Орталық және Шығыс өңірлерінде өңірлік геологиялық түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалануға мүмкіндік берді.

Бұл әдістерді қолданудың нәтижесі — цифрлық ақпарат және тереңдігі 2,5 км дейінгі зерттеу алаңдарын аудандастыру, бұл тұтастай алғанда елдің минералдық-шикізат базасын нығайтудың жаңа көкжиектері мен перспективаларын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар геотермалдық сулардың 2 кен орны ашылды. Жаркент учаскесінде температурасы 900 С жоғарыжылу суы алынды, Жаркүнақ учаскесінде температурасы 1000 С жоғары жоғарыжылу суы 2800 м тереңдіктен алынды.

Жұмыс нәтижелері бойынша 1:1000000 масштабтағы геологиялық қамту карталарының жиынтығы жасалды. Көмірсутекті шикізат, жер асты сулары және қатты пайдалы қазбалардың 35 негізгі түрі бойынша Қазақстанның минералдық-шикізат базасының анықтамалық-талдамалық жүйесі құрылды.

«Қазақстанның минералдық-шикізат кешені Тәуелсіздік жылдарында әлемдік нарық талаптарына толық бейімделді. Мыңнан астам кен орны жер қойнауын пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта олар мемлекетке табыс әкеледі және халықты жұмыспен қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда 1630 жер қойнауын пайдалану нысаны жұмыс істейді», — деді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Айта кетерлігі, бұл факт елге инвестициялар ағымын әкелді. Соңғы 25 жылда Қазақстанға тартылған 73 трлн жуық теңгенің 70%-дан астамы мұнай-газ секторына және 27%-ы ТКМ-ге бағытталған. Инвестициялаудың басым бағыттары көмір, уран, полиметалл, темір, марганец, мыс және алтын өндіру болып қала береді. Бұл ретте, геологиялық барлауға жеке инвестициялардың шамамен 5%-ы ғана жіберілді.

Минералдық-шикізат әлеуетін нығайту және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың шикізат базасын қамтамасыз ету мақсатында 1991 жылдан бастап жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша Мемлекеттік балансқа алғаш рет көмірсутегі шикізатының 135 кен орнының, 99 кен орны мен жер асты суларының учаскелерінің, қатты пайдалы қазбалардың 224 кен орнының, оның ішінде 94 – алтын, 14 – мыс, 19 – марганец кендерінің, 16 – темір кендерінің, 4 – полиметалдардың және т. б. қорлары жеткізілді.

Мысалы, 1,3 млн тонна қоры бар «Нұрқазған» мыс кен орны, 38 тонна қоры бар «Абыз» алтын кен орны және т. б. Көмірсутек шикізаты бойынша – «Қашаған», «Қаламқас-теңіз», «Северная Трува» кен орындары және т. б. Бұған дейін зерттелген кен орындарының шикізат базасы ұлғайтылды. Васильковский кен орнының қорлары бірнеше есе өсті және т. б.

Жер қойнауын пайдаланушылардың инвестициялары есебінен геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша бекітілген қорлардың өсімі мынаны құрады:

  • алтын – 1,9 мың тонна;
  • уран – 469 мың тонна;
  • марганец кені – 160,7 млн тонна;
  • темір кені – 2,9 млрд тонна; 
  • мұнай – 2,5 млрд тонна;
  • газ – 506 млрд м3;
  • конденсат – 277,2 млн тонна.

Жер асты сулары мониторингінің мемлекеттік желісінің 4006 пунктінде, жер сілкіністерінің гидродинамикалық хабаршыларын зерделеу жөніндегі 12 бекетте, жер асты суларының техногендік ластануының 4 полигонында, қауіпті геологиялық процестердің 39 бекетінде және 2 полигонда жүйелі режимдік бақылаулар жүргізіледі.

Мониторинг деректері жерасты сулары ресурстарының өзгеруін бағалау, жерасты суларының сарқылуы мен ластануын бақылау үшін пайдаланылады, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Жер асты суларының ластануын болдырмау мақсатында мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы орган «Көкжиде» кен орны ауданындағы жер асты суларына мониторинг жүргізеді, олар әр уақытта ластану фактілерін анықтап, тиісті іс-шаралар жүргізді.

«Көкжиде» кен орны батыс өңірдегі ірісі болып табылады және оның әлеуетін сапалы ауыз су тапшы батыс өңірінің тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін пайдалануға болады.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Ақпан» ЖШС «Көкжиде» кен орнының қазіргі жағдайын зерттеу мақсатында жерасты суларының пайдаланылатын қорларын жете барлау және қайта бағалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды орындау мерзімі — 2021 жылғы 4-тоқсан. Жұмыс нәтижесінде жер асты суларының қорлары қайта бағаланады, кен орнының өзекті контурлары айқындалады және нақты экологиялық жүктеме бағаланады.

«Сонымен қатар кен орны шегінде және оған жақын жерде 8 жер қойнауын пайдаланушы УВС барлау және өндіру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде. Жұмыс қорытындысы бойынша кен орнының жер асты суларының ықтимал ластануына жол бермеу бойынша шаралар кешені әзірленетін болады», — деді С. Брекешев.

Өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымалар аумақтың тұздануы мен батпақтануы, өсімдіктердің солуы, жасанды су қоймаларының, бұлақтар мен жыралардың пайда болуы нәтижесінде тұщы жерасты суларының табиғи ресурстарына, қоршаған ортаға жер қорына орны толмас залал келтіреді, сондай-ақ жерасты және жерүсті суларын фенолдармен, радиоактивті және улы элементтермен ластайды. Теріс салдарларды болдырмау мақсатында 2003-2009 жылдар кезеңінде 516 иесіз өздігінен ағып жатқан гидрогеологиялық ұңғымалар жойылды, оның ішінде 149-ы радионуклидтік ластанумен.

Қоршаған ортаны ластайтын авариялық мұнай ұңғымаларын жою мақсатында 2010-2021 жылдар кезеңінде ел аумағына зерттеулер жүргізілді. Тексеру барысында 132 авариялық мұнай ұңғымалары анықталды, оның 126-сы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жойылды. 6 ұңғыманы жою қажет, оның ішінде Ақтөбе облысында – 3, Атырау облысында – 1 ұңғыма және Маңғыстау облысында 2 ұңғыма. Жоғарыда аталған 6 иесіз апатты мұнай ұңғымаларын жою іс-шараларына 2023 жылы кірісу жоспарлануда.

«Геологиялық барлауға жеке инвестициялардың өсуі жер қойнауын геологиялық зерттеудің ерте сатыларын мемлекеттік қаржыландыру деңгейіне тікелей байланысты, соның нәтижесінде перспективалы учаскелер анықталады. Егер 90-шы жылдары мемлекеттің міндеті жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға инвестициялар тарту болса, содан кейін кеңес уақытында іздестіруге және барлауға бюджет ақшасы салынған игерілмеген кен орындарын айналымға енгізу қажет болса, енді келесі міндет тұр – жаңа кен орындарын ашу қажет. Игеріліп жатқан кен орындарының көптігіне қарамастан, Қазақстанның жер қойнауы жаңа ашылулар үшін әлі де үлкен әлеуетке ие», — деп атап өтті Серікқали Брекешев.

Көмірсутектер тұрғысынан отандық геологтар 15 шөгінді бассейн бөлді. «Қазақстан Республикасының шөгінді бассейндерін кешенді зерттеу» жобасы шеңберінде елдің болашағы мен ресурстық базасына қайта бағалау жүргізілді. «Қазақстан Республикасының көмірсутегі әлеуетінің ғылыми негіздемесі» жасалды, оның негізінде «Қазақстан Республикасының мұнай-газ және перспективалы шөгінді бассейндерінің атласы» шығарылды.

Шөгінді бассейндердің зерттелу дәрежесі әр түрлі, олардың 5 – игерілген, 5 – аз зерттелген және 5 – перспективасы аз.

Бүгінгі күні мұнай-газ өндірудің барлық көлемі игерілген 5 бассейнде өндіріледі. Олардың ішінде ең ірісі Каспий маңы болып саналады, оған елдің ресурстық базасының шамамен 80%-ы тиесілі. Үлкен әлеуеті бар аз зерттелген 5 бассейнді – Солтүстік Торғай, Ертіс өңірі, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу бассейндерін зерделеу үшін инвесторларды тартып, оларға мемлекеттік қолдау көрсету қажет.

Осыған байланысты ынтымақтастық туралы 2 меморандум жасалды:

1. ҚР ЭГТРМ, «Қазгеология» ҰГК» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ел аумағының геологиялық зерттелуін арттыру және аз зерттелген шөгінді бассейндерді игеру саласында;

2. ҚР ЭГТРМ, «Қазгеология» ҰГК» АҚ және «Аджип Каспиан Си Б.В.» ҚР аумағында жер қойнауын пайдалану жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша.

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығымен бірлесіп қалыптастырған тұжырымдамалық тәсіл ұлттық компанияның үлестік қатысуымен жер қойнауын геологиялық зерттеуден барлауға/өндіруге кепілдік берілген көшу құралы ретінде жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған келісімді әзірлеу және қолдану болып табылады. Осылайша инвестор учаскеге айрықша құқық және жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүргізу үшін жақсартылған жағдайлар алады. Бұл ретте ГИН-ге арналған Келісімге сәйкес учаскені бөлу жөніндегі негізгі өлшем оның аз зерттелген шөгінді бассейндер шегінде орналасуы және аумақтың геологиялық-геофизикалық зерделенуінің төмен дәрежесі болады.

Бұл тәсіл инвестициялардың неғұрлым жоғары құқықтық қорғалуын және тұрақтылығын қамтамасыз етеді және инвесторларға кейіннен Жақсартылған модельдік келісімшартта (ЖМК) көрініс табатын белгілі бір салықтық және басқа да преференциялар алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жер қойнауын мемлекеттік зерттеуді және жеке инвестицияларды бюджеттік қаржыландыруды ұлғайту қажет, бұл пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестірудің перспективалық бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Каспий маңы ойпатының терең құрылысын зерттеу мақсатында «Еуразия» жобасы бойынша жұмыс қайта жанданды. Жоба 3 кезеңге бөлінген.

1-кезең шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен қазіргі заманғы технология бойынша геологиялық-геофизикалық материалдарды жинау, қайта өңдеу және қайта түсіндіру жүзеге асырылады.

2 және 3 кезеңдерді іске асыру жеке инвестициялар есебінен жоспарланып отыр, олардың шеңберінде 8 мың бойлық км астам көлемде өңірлік 2-Д сейсмикалық барлау жұмыстарын, 100 мың шаршы км дейінгі аумақтағы перспективалы учаскелерде далалық геофизикалық жұмыстарды (гравиметрия, магниттік барлау, радиометрия электрбарлау) және Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ), 15 км тереңдікке дейін аса терең ұңғыманы бұрғылау жоспарланған, бұл геологиялық қиманы зерделеуге және көмірсутектерді іздестіруге қатысты Каспий маңы ойпатының ресурстық әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.

ҚР ЭГТРМ вице-министрі ТПИ бөлігіндегі перспективалар туралы айта келе, алтын кен орындарының тау-кен аудандары Ақмола және Қостанай облыстарында, сондай-ақ елдің орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерінде қызығырақ екенін атап өтті. Жаңа қорғасын-мырыш кен орындары орталық және оңтүстік Қазақстанда, Кенді Алтайда, сондай-ақ Ресей және Қытаймен шекаралас алаңдарда ашылуы мүмкін. Вольфрам, молибден, алюминий, қалайы, сондай-ақ сирек кездесетін басқа да пайдалы қазбалар бойынша жаңа кен орындарын ашу перспективалары бар.

Саланы одан әрі дамыту бағытын айқындау мақсатында геология саласын дамыту тұжырымдамасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Тұжырымдаманы іске асыру «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Ұлттық жоба 500 мың шаршы км астам алаңда жер қойнауына өңірлік геологиялық зерттеу жүргізу жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

«Жұмыстар геологиялық барлау жұмыстарының келесі кезеңдерін жүргізу және геологиялық барлауға инвестициялар тарту үшін Қазақстан аумағының перспективаларын бағалай отырып, геологиялық қамту картасын жасауға мүмкіндік береді. Біз алғаш рет 1:50000 масштабтағы ірі ауқымды геологиялық түсірілімге көшуді жоспарладық, бұл жүргізіліп жатқан түсірілімнің ақпараттылық дәрежесін арттыруға, пайдалы қазбаларды жинақтауға перспективалы жаңа геологиялық құрылымдарды анықтауға және жалпы алғанда, жүргізіліп жатқан зерттеулердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», — деді экология вице-министрі.

Сондай-ақ «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» ЖШС базасында Ұлттық геологиялық қызметті құру жоспарланған. Қызметтің негізгі міндеттерінің бірі (тарихи) геологиялық-геофизикалық ақпаратты талдау және қайта түсіндіру және инвесторлар үшін сапалы дұрыс мәліметтер беру, сондай-ақ перспективалы инвестициялық жобалардың жер қойнауын және пулын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргізу бойынша ұсынымдар әзірлеу болады.

Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауында моноқалаларды дамытуға ерекше назар аударды. Осыған байланысты, мемлекеттік бюджет есебінен жұмыстарды жоспарлау кезінде, бірінші кезекте, моноқалаларға жақын аумақтарды геологиялық зерттеу басым бағыт болады. 

Пайдалы қазбалар қорларының сарқылуы қала құраушы кәсіпорындардың тоқтап қалуына, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жалпы нашарлауына әкеп соғады. Сарапшылардың мәліметінше, 2025-2040 жылдары ШҚО-ның Орлов, Малеевское, Тишинское, Риддер-Сокольное сияқты бірқатар ірі кен орындары қорларының сарқылуы күтілуде. Бұл мәселені шешу үшін жаңа перспективалы учаскелерді жедел анықтап, «ескі» кен орындарын жете барлау, жеке инвестицияларды тарту және техногендік минералдық түзілімдерді (ТМТ) қайта өңдеуге тарту қажет.

Қазақстанда сирек кездесетін металдарды өндіру мен өңдеуді дамыту үшін 2021 жылы құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбелері қайта бекітілді. Тізбеден литий, цезий, галлий, тантал-ниобийдің баланстық қорлары туралы мәліметтер алып тасталды. Бұдан былай бұл ақпарат құпия емес. 2020 жылдан бастап мемлекеттік бюджет есебінен Шығыс Қазақстан облысының Қара-Аяқ, Мунча учаскелерінде сирек металдарға іздеу жұмыстары жүргізілуде. 

Бұдан басқа Шығыс Қазақстан коллизиялар аймағының гранитоидтарын сирек металды-сирек топырақты кендеуге болжамды бағалауды орындауға; Калба-Нарым аймағының литилігі және кешенді сирек металды және сирек топырақты кенденуіне перспективалы алаңдарды анықтай отырып, Орталық Калба аумағын зерделеу және бағалауға; сирек және сирек кездесетін жер металдар кен орындарын болжау және іздеу әдістемелерін әзірлеуге жобалық-сметалық құжаттама жасалады.

Көрсетілген объектілер бойынша геологиялық зерттеулер және сирек кездесетін металдарды анықтау бойынша іздестіру жұмыстары 13 объектіде 2022-2024 жылдарға жоспарланған.

2017 жылы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің қабылдануы геологиялық барлау саласына және жалпы жер қойнауын пайдалануға инвестициялардың өсуіне елеулі ынталандыру болды. Сондай-ақ Ұлт жоспарының 74 және 75 қадамдары іске асырылуда.

Осылайша, 2016 жылы 74 қадамды орындау үшін KAZRC қазақстандық кодексі CRIRSCO қабылданды. Қазақстан Республикасы CRIRSCO Комитетінің оныншы мүшесі болды. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар мен минералдық қорлар туралы жария есептілік қауымдастығы және жер қойнауын пайдаланудағы тәуелсіз сарапшылардың кәсіби бірлестігі құрылды. Барлық қажетті нормативтік-техникалық құжаттар әзірленді. Жер қойнауын пайдаланушылар қазірдің өзінде KAZRC кодексіне сәйкес минералдық ресурстар мен минералдық қорларды бағалау бойынша есептер жасайды.

Көмірсутектер бөлігінде көмірсутектер қорлары бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйесіне көшу 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен жоспарланып отыр.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің қабылдануымен 75 қадамды іске асыруға инвестициялық климатты жақсартуға мүмкіндік берген бірқатар түйінді жаңалықтар енгізілді. Өзгерістер жер қойнауын пайдалануды ынталандыруға және әкімшілік кедергілерді алып тастауға бағытталған.

Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы қабылданды, ол жер қойнауын пайдалану саласын дамыту перспективаларын талдау негізінде және елдің пайдалы қазбалардың тиісті түрлеріне қажеттілігін, пайдалы қазбалардың түрлері бойынша ҚР ШОБ-ты толықтыру және ұлғайту қажеттілігін, ұлттық, экологиялық және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін; өңірлерді экологиялық дамытуды, мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастры мәліметтерін, геологиялық ақпаратты қорыту мен талдауды, қолданыстағы инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптастырылады.

Қолданыстағы жер қойнауын пайдалану объектілері мен ПУГФН объектілерінің алаңы (1,484 млн км2) және қазіргі уақытта жер қойнауын пайдалану үшін 400 000 км2 ашу қалды, бұл республика аумағының шамамен 15%-ын құрайды.

Инвестициялық ахуалды жақсартудың келесі қадамы — Минералдық ресурстар жөніндегі ұлттық деректер банкін (ҰДБ) пайдалануға беру. Бұл жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жүйенің міндеттерінің бірі – инвесторлар мен жұмыс істеп тұрған жер қойнауын пайдаланушылар үшін «бір терезе» қағидатын енгізу болып табылады. ҰДБ ақпараттық жүйесін енгізумен геологиялық ақпарат беру, лицензиялар беру, есептілікті тапсыру және т. б. сияқты жер қойнауын пайдаланудағы бірқатар қызметтерді автоматтандыру көзделеді. Ұлттық деректер банкінің порталы арқылы жер қойнауын пайдаланудың 21 негізгі процесі автоматтандырылады.

75-қадамның екінші жобасы коммерциялық геохимиялық зертхана құру болды, бұл геологиялық сынамаларды шетелге шығаруды едәуір қысқартады. Қазгеология ALS австралиялық компаниясымен бірлесіп Қарағандыда халықаралық аккредитациясы бар зертхананы іске қосты. Зертханада озық технологияларды және 20-дан астам зерттеу әдістерін пайдалана отырып, сынамалардың сапалы геохимиялық зерттеулері жүргізіледі.

«Биыл қатты пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау бойынша ұсыныстары бар елдің геологиялық құрылымы туралы ауқымды ақпаратты қамтитын қатты пайдалы қазбалар атласын әзірлеуге кірістік. Әзірленген қатты пайдалы қазбалар атласы геологиялық барлауға инвестициялау үшін жол көрсеткіш болады. Геологиялық саланы құқықтық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру үшін министрлік “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне жер қойнауын геологиялық зерттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеп жатыр», — деді С. Брекешев.

Заң жобасы мыналарды көздейді:

  • саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру;
  • мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеу, келісу және бекіту рәсімдерінің регламенттелуі, мерзімдерін оңтайландыру және ашықтығын қамтамасыз ету;
  • қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдар функцияларының аражігін нақты ажырату.

Халықаралық ынтымақтастық аясында да жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Қазақстан-Герман ынтымақтастығы шеңберінде шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында неміс тарапы ҚПҚ-дың 15 кен орны бойынша анықтамалық әзірледі және Қазақстан тарапының мақұлдауымен Қазақстанның тау-кен секторына еуропалық компанияларды тарту үшін мүдделі герман бизнес-қоғамдастықтарына жіберілді.

Осы жылдың шілде айында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазгеология» ҰГК» АҚ және Аджип Каспиан Си Б.В. арасында Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум елдің геологиялық зерттелуін арттыру және шетелдік инвестицияларды тарту есебінен минералдық-шикізат базасын толықтыру жолымен елдің орнықты экономикалық дамуының стратегиялық бағытына сәйкес келеді.

Сондай-ақ ТМД елдерінің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі Үкіметаралық кеңесі шеңберінде ынтымақтастық жүзеге асырылуда. Үкіметаралық кеңес 1997 жылғы 27 наурыздағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің минералдық-шикізат ресурстарын зерделеу, барлау және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімінің және тау-кен хартиясының ережелерін іске асыру үшін үкіметаралық үйлестіру органы болып табылады. Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан тұрақты қатысушылары болып табылады.

Ынтымақтастық Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 5 жылдық кезеңге арналған бірлескен жұмыстарының перспективалық жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.

Өткен жылдар ішінде 2011-2015 жылдарға, 2016-2020 жылдарға арналған бірлескен жұмыстардың перспективалық жоспарлары іске асырылды, 2021-2025 жылдарға арналған жоспар қабылданды. 

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кіші комитеті аясында жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Шекара маңындағы аумақтарды геологиялық зерттеу бойынша 5 елдің (Қазақстан, Ресей, Корея, Моңғолия, Қытай) қатысуымен жұмыс тобы құрылды.

Алыс шетелдердің геологиялық қызметтерімен белсенді ынтымақтастық кезінде Қырғызстанмен, Ресей Федерациясымен және Қытаймен шекаралық алаңдарда кешенді геологиялық зерттеулер аяқталды.

Алғаш рет Орталық Азия республикаларының, Ресей мен Қытайдың қатысуымен Орталық Азия карталарының атластары жасалды.

«Қазақстанның геология саласы үшін кадрлар даярлау қажеттілігін, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығын ескере отырып, 2010 жылдан бастап Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер геологиялық қозғалысы табысты дамып, күш алып келеді. Жас геологтардың қозғалысын және оқушылардың жоғары оқу орнына дейінгі геологиялық дайындығын қолдау мақсатында «Жас геолог» корпоративтік қоры құрылды. Қазіргі уақытта 40 үйірме жұмыс істейді, онда Қазақстанның 19 қаласынан 600-ден астам оқушы айналысады. Сабақ барысында балалар топографиялық картамен және геологиялық компаспен жұмыс істеуді, жатыс элементтерін өлшеуді және жыныс қабаттарының қуатын анықтауды, минералдар мен тау жыныстарын табуды және олардың сипаттамасын жасауды үйренеді», — деді ол.

Қазақстанның үздік командалары жыл сайын жас геологтардың шетелдік олимпиадаларына және жер туралы ғылымдардың халықаралық олимпиадасына (IESO) қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Мұндай дарынды балаларды қолдау керек, өйткені көбінесе мектеп жылдарының қызығушылығы мамандыққа айналады. Қордың мәліметінше, бүгінгі таңда 50-ден астам бала Геолог мамандығын таңдаған.

Қазақстандық ашық дала олимпиадалары 2 жылда 1 рет өткізіледі. Осы жылдың 26 наурызында, геологтардың кәсіби мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында Жас геологтардың бірінші қалалық олимпиадасы өткізілді.

Елордада ұлы ғалым-геолог Қ. И. Сәтпаевқа арналған ескерткіштің ашылуы геологтар үшін жағымды оқиға болды. Сонымен қатар сәндік және бағалы минералдардың, тау жыныстары мен палеонтологиялық қалдықтардың бірегей үйінділері бар Геологиялық музей ашылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу