Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады 

Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020, 20:17:14

Бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтардың 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем түрінде мемлекеттік қолдауды қалай ала алатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда көптеген кәсіпкерлер, әсіресе, шағын және орта бизнес өз жұмыскерлерін жалақысын сақтаусыз еңбек демалысына жіберуге, тіпті, қысқартуға мәжбүр. Бүгінде Қазақстанда 2 млн астам өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам тіркелген, олар ресми және ресми емес жұмыс істейді. Қазір олар табысынан айырылған. 

«Президенттің тапсырмасы бойынша біздің елімізде МӘСҚ қорынан әлеуметтік төлем енгізілген – табысынан айырылған тұлғаларға 42 500 теңге беріледі. Кеше өзінің үндеуінде Мемлекет басшысы осы төлемді алу тетігін кеңейтуді тапсырды», — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

 

Төлемді кімдер ала алады?

Бірінші — бұл шағын және орта бизнестегі жалдамалы жұмыскерлер, олар карантин енгізілген қалаларда жалақысының сақталуынсыз еңбек демалысына жіберілді, сонымен қатар бұған ірі кәсіпкерлік субъектілері де жатады. 

Екінші — жеке тұлғалар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Олардың қатарында жеке кәсіпкерлер бар, статистика бойынша олардың саны елімізде 1,5 млн адам. Олардың қатарында жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар бар: жеке адвокаттар, нотариустер, сот орындаушылары, медиаторлар – елімізде олардың саны 2 мың адамнан асады. Олар азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша жұмыс істеген тұлғалар, олардың саны 180 мыңға жуық. 

 

Төлемді алу үшін не істеу керек және қандай құжаттарды тапсыру қажет?

Б. Нұрымбетовтың айтуынша, төлемді алу тәртібі өзгертілді. Бүгінде оны алу үшін ешқандай құжат тапсыру қажет емес. Тек өтінім беріледі. Бұл өтінімде төлемді алу үшін барлық себептері, өзінің мәліметтері — толық аты-жөні, ЖСН, карта есебі көрсетіледі. Жұмыс беруші өз жұмыскерлерінің тізімін ұсынады. 

Бұл ретте, сізге төтенше жағдай режиміне байланысты табысыңыздан айырылғаныңыз туралы дәлелдеудің қажеті жоқ, мұны ешкім нақтылап тексермейді. Сіздің өтініміңізде бұл көрсетілген, сол негізге алынады. Өтінім электронды түрде тапсырылады. 

«Бұл бүгін өте өзекті мәселе болды. Көптеген адамдар жүгініп: “бұл өтінімді беру қиын, ЭЦҚ қосу қиын, Egov жүктемейді” дейді. Біз бүгін сіздерге бірнеше техникалық шешімдерді ұсынамыз және күн сайын осы тетікті жеңілдететін жаңа шешімдерді ұсынатын боламыз», — деді еңбек министрі. 

Бірінші — «Электронды үкімет» порталы. 

Сервис арқылы әр адам өзінің мәліметтерін толтыруы қажет. Енді бұл өтінімге қандай да бір файлдарды қосу қажет емес. Маңыздысы — осы өтінімнің болуы. Оған ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Немесе SMS арқылы құпиясөз алумен қол қойылады. 

Екінші. Арнайы сайт.

Бүгінде Egov жүктемесі тым көп, сондықтан Еңбек министрлігі BTS компаниясымен бірлесіп 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем үшін арнайы сайт әзірледі. 

«Біз оны ертең таңертең іске қосамыз. Онда сонымен қатар барлық азаматтар өтінім бере алады, өз мәліметтерін – толық аты-жөнін, ЖСН мен банктегі есебін көрсетеді. SMS арқылы құпиясөзді алған соң өзінің қолымен растайды. Ол жерде "42500 теңге төлеу" қызметін таңдау керек» — деп түсіндірді ведомство басшысы.

Сайтқа немесе Egov-қа кіру үшін компьютері жоқ адамдар бар. Ертең таңертеңнен бастап мобильді телефон арқылы Telegram-ботты пайдалану ұсынылады. Бұл қосымшаны жүктеп алып, оған өз мәліметтеріңді енгізу қажет. 

«Осылайша, біз бәрін жеңілдетеміз, бұл шешімдерді ұсынамыз: қайда жүгіну керек, Telegram-бот қалай жұмыс істейді, біз бұл туралы барлық ақпаратты бүгін кешке Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында, Еңбек министрлігінің Facebook парақшасында жариялаймыз, барлық әлеуметтік желілерде таратамыз», — деді Б. Нұрымбетов. 

 

Өтінімді қалай дұрыс беру керек? 

«Біз сіздерден өз мәліметтеріңізді дұрыс енгізуді сұраймыз. Яғни, ЖСН, карта есебі және аты-жөндеріңізді. Ақша сіздің тегіңізбен, карта иесімен салыстырылады. Екінші талап бойынша соңғы 12 айда Әлеуметтік сақтандыру қорына ең болмаса бір әлеуметтік төлем немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бір зейнетақы аударымы жасалуы тиіс еді. Бұл жағдайда мұндай талап қажет, себебі ақша кассадан беріле салмайды, ол Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы төленеді», — деп түсіндірді министр.

Алайда, көптеген адамдардың мұндай әлеуметтік аударымдары жоқ әрі болмаған. Бұл адамдар ресми емес жұмыс істейді, олардың еңбек келісімшарттары жоқ, салық та, ешқандай аударымдар да төлемеген, олар үшін де 42 500 теңге алу мүмкіндігі бар. Ол үшін өзінің статусын ресмилендіруі керек. 

«Ол үшін сіз бірыңғай төлемді төлесеңіз болды — ол қалалықтар үшін 2651 теңге, ауыл тұрындары үшін 1325 теңге. Бір рет төлем жасаған соң сіз келесі күні ай сайын 42500 теңге алу мүмкіндігіне ие боласыз. Бұл ресми емес жұмыс істегендердің барлығына қатысты. Осылайша, сіздің статусыңыз ресмилендіріледі», — деді Б. Нұрымбетов.  

 

Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) қала және ауыл тұрғындары қалай төлей алады? 

Оның екі жолы бар. Бірінші – Халық банк, Fortebank, Сбербанк, Jysan bank, Bank Center Credit, Каспи банктің мобильді қосымшаларында және «Қазпошта» бөлімшелерінде БЖТ төлеуге болатын мобильді қосымшалар бар. 

Екінші – мұны SMS арқылы жасауға болады. Ол үшін өз телефоныңыздан 5505 нөміріне SMS жіберіп, қала тұрғындары үшін GORODESP ЖСН, ал ауыл тұрғындары үшін SELOESP ЖСН деп көрсету қажет. Бұл жағдайда қажетті сома шешіледі де, бұл сіз әлеуметтік аударымды төледіңіз, өз міндеттемеңізді орындадыңыз, сіздің статусыңыз ресмилендірілді және сіз ай сайын 42 500 теңге алатын боласыз дегенді білдіреді. 

Жұмысынан босатылған немесе қысқартылған жалдамалы жұмыскерлер қанша төлем алады? 

«Олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан (ӘМСҚ) жұмыстан айырылған жағдайда берілетін төлем қарастырылған. Оны төлеу жұмыстан босатылу себептеріне, ТЖ-ға қатысты емес. Ол алты ай төленеді және оның мөлшері азамат жұмыстан босатылған кезде алған жалақысының 40%-нан бастап құрайды. Ол үшін Egov порталында жұмыссыз ретінде тіркелу қажет»,— деп түсіндірді еңбек министрі.

Ол үшін порталда «жұмысқа орналастыру» және «жұмыс іздеуші тұлға» сервисі таңдалады. Үш күннен кейін сіз автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркелесіз, сізге ӘМСҚ-дан жұмыстан айырылу бойынша алты айға әлеуметтік төлем тағайындалады. 

«Мұнда да біз ережелерді өзгерттік. Тағайындау сіз жұмыссыз ретінде тіркелген күні жүзеге асырылады. Неліктен үш күн? Ол күндері біз заң бойынша жұмыспен қамту орталықтарында сізге сай келетін жұмысты табуға тырысамыз», — деді министр. 

Тек наурыз айында жұмыспен қамту орталықтары арқылы 12 мыңнан астам адам қашықтан істеуге болатын жұмыс тапты. Сонымен қатар карантин жарияланған қалаларда 2331 адам өзіне қашықтан істейтін жұмыс тапқан. 

«Бірақ егер сіз көптен бері жұмыс істемеген болсаңыз және сіздің әлеуметтік аударымдарыңыз болмаса, онда сіз төлемді ала алмайсыз, өйткені сіз әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы емессіз. Мұндай азаматтар азық-түлік жиынтығын ала алады», — деді ведомство басшысы. 

 

«Азық-түлік жиынтығын» кім ала алады?

«Азық-түлік жиынтығы» төмендегілерге беріледі:

  • атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың барлық балалары, яғни көп балалы отбасыларды қоса алғанда, аз қамтылған отбасылар;

  • жасына қарамастан барлық үш санаттағы мүгедектігі бар барлық адамдар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар. Елімізде 995 000 адам тіркелген;

  • мүмкіндігі шектеулі балаларды күтіп отырған ата-аналар;

  • ресми тіркелген жұмыссыздар — елімізде осындай азаматтар шамамен 1,5 млн адам.

Іс жүзінде бұл шараны жергілікті жерлердегі әкімдер жүзеге асырады. 

 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» қандай артықшылықтарды ұсына алады?

Мемлекет басшысы «Жұмыспен қамтудың жол картасының» маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде біз “Жұмыспен қамтудың жол картасын” әзірледік, оған 1 трлн теңге бөлінеді. 240 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 7 мыңнан астам жоба іске асырылады», — деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Сонымен қатар, Президент Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент сияқты ірі қалаларда жұмыс істеген көптеген жастардің бүгінде осы қалаларға кіре алмауы жағдайына назар аударды. Олар қала маңында, табыссыз қалып отыр.

«Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, егер осы қалалардың төңірегінде жүрген біздің жастарымыз бүгінде Алматы, Шымкент немесе Нұр-Сұлтан қалаларына кіре алмаса, егер олар өз өңірлеріне оралып, “Жұмыспен қамтудың жол картасы” жобаларына қатысса, оларға жұмысқа кіріскен алғашқы күні 85 мың теңге көлемінде көтерме ақы төленеді. Бұл жалақы емес, бұл көтерме ақы. Осыдан кейін ай сайын ол өз еңбек ақысын алатын болады», — деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жалақы 85 мың теңгеден төмен болмайтынын айта кеткен жөн. Бұл үшін өңірлердің әкімдері рекрут пункттерін құрып, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа шақыратын болады.

«Бүгінде аталған қалаларда жұмысынан айырылған азаматтарды өз өңірлеріне қайта оралып, “Жұмыспен қамтудың жол картасына” қатысуға шақырамын», — деп түйіндеді Б. Нұрымбетов.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
19 Мамыр 2020, 09:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
19 Мамыр 2020, 08:25
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
18 Мамыр 2020, 19:00
Қазақстанда 720 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қарастырылған
18 Мамыр 2020, 18:44
Ерұлан Жамаубаев ҚР қаржы министрі болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 18:39
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 17:44
Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды
18 Мамыр 2020, 14:44
19 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Мамыр 2020, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №301 Қаулысы
17 Мамыр 2020, 09:39
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №61
16 Мамыр 2020, 22:29
Жұмыссыздықпен күрес және тірек ауылдарын абаттандыру — Шығыс Қазақстан облысының қазіргі даму бағыты қандай
16 Мамыр 2020, 21:40
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
16 Мамыр 2020, 14:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Семей қаласының дамуымен және Абайдың 175 жылдығына дайындығымен танысты
15 Мамыр 2020, 22:03
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
15 Мамыр 2020, 16:22
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШҚО-да көктемгі егіс жұмысының барысы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
15 Мамыр 2020, 13:34
Нұргүл Мауберлинова ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
14 Мамыр 2020, 18:39
Ауыл шаруашылығынан туризмге дейін немесе Ақмола облысының негізгі салалары қалай дамып жатыр
14 Мамыр 2020, 18:14
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған Үкімет делегациясы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
14 Мамыр 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №296 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №290 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №288 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
14 Мамыр 2020, 14:07
Төтенше жағдайдан кейінгі еңбек нарығы: бос жұмыс орындары мен түйіндемелер саны артты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.