Ауыл шаруашылығынан туризмге дейін немесе Ақмола облысының негізгі салалары қалай дамып жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты Қазақстан халқына арнаған үндеуінде өңірлерде бірінші кезектегі сұранысқа ие тауарлардың болуына нақты есеп жүргізуді жолға қойып, аса қажетті өнімдерге қатысты үрей мен дүрбелең туғызбауды тапсырған болатын. Әрбір өңірге тауарлардың өңіраралық ағымын бақылап, жергілікті тапшылықты тудырмау қажет болды. Ақмола облысы Қазақстандағы дақылдар егетін аса ірі өңір, мұнда республика бойынша бидайдың 25%-ы, сүттің 7%-ы, құс етінің 21%-ы, ұнның 10%-ы, жұмыртқаның 16%-ы өндіріледі. Облыстың ЖӨӨ-нің едәуір бөлігін өңірдің дамуының негізгі бағыты болып саналатын агроөнеркәсіптік кешен алып отыр. Қазіргі кездегі бұл өңірдің дамуы туралы PrimeMinister.kz шолу материалынан оқыңыздар. 

 

Агроөнеркәсіп кешені — өңір дамуының незігі бағыты 

2019 жылы Қазақстан АӨК кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау 1,5 есе артып, 42,1 млрд теңгені құрады. 

2020 жылдың 4 айының ішінде мемлекеттік қолдау 9,1 млрд теңге болды. Жыл сайынғы мемлекеттік қолдау мен озық технологияларды енгізудің арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін өндіруде тұрақты өсім байқалады. 

Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 62,5 мың тонна болатын ет өңдейтін 15 кәсіпорын, , өндірістік қуаттылығы жылына 146,8 мың тонна болатын сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 960 мың тонна болатын сүт өнімдерін өндіретін 47 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна болатын майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар. 

2019 жылы 100,7 млрд теңге сомасына азық-түлік өнімдері өндірілді (2018 жылға 111,1%). 2019 жылы бұл шара 1338,8 мың тонна немесе $288,3 млн ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға мүмкіндік берді. 

АӨК саласындағы еңбек өнімділігі 

2019 жылы 5,1% немесе 2345,4 мың теңгеге еңбек өнімділігінің жоғары өсу қарқыны байқалды. Өнімділікті арттырудың маңызды факторларының бірі - суарылатын жерлердің аумағын кеңейту, 2019 жылы ондай жерлер 20%-ға, 24 мың га дейін ұлғайтылды. 2020 жылы осындай жерлер аумағын 28 мың га дейін жеткізу жоспарланған, бұл осы жерлердегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемінің 4,5 есеге өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Бүгінде облыста дәлме-дәл жер шаруашылығы элементтерін пайдаланатын 95-тен аса шаруашылық бар. 2020 жылы цифрландыру бойынша бекітілген жоспарлар аясында олардың санын 109 шаруашылыққа дейін арттыру жоспарланған.

2019 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 3-ші репродукциядан төмен емес тұқымдарды себу 83,7%-ға жетуіне қол жеткізді, 2018 жылы бұл көрсеткіш 75,1% құраған еді. 

Тұқым шаруашылығындағы мемлекеттік қолдаудың жаңа жүйесіне көшуді ескерумен 2020 жылы бұл көрсеткішті 85%-ға жеткізу міндеті қойылды. 

Топырақтың құнарлылығын арттыру, сондай-ақ түсімділігін ұлғайтудың тағы бір шарты - топырақты минералды тыңайтқыштармен тыңайту. Мәселен, 2019 жылы 44,5 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алып, пайдаланылған, бұл ретте тыңайтылған алқаптар көлемі 1 млн га жуық. 

Осыған байланысты биыл бюджет қайта қарастырылып, минералды тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды өтеуге 2,5 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бағытталды. Нәтижесінде, бұл тыңайтқыштар пайдаланылатын алқаптарды 1,6 есеге арттыруға мүмкіндік береді деп шамаланып отыр. 

Сонымен қатар тек 2019 жылы гербицидтермен 4,1 млн га жердің немесе көзделген көлемнің 105%-ы өңделгенін айта кеткен жөн, бұл биылғы түсімнің мол болуына оң ықпалын тигізді. 2020 жылы өңделген алқаптар көлемін 4,2 млн га дейін жеткізу жоспарланған. 



 

Етті мал шаруашылығы дамыту аясында жұмыс істеп тұрған мал бордақылау алаңдараның қуаттылығы 32 мың бас ірі қара малға дейін арттырылды. Бұған қолда бар мал бордақылау алаңдарын тағы 10 мың мал басына кеңейту арқылы қол жеткізілді. 2020 жылы Көкшетау қаласында 5 мың мал басына мал бордақылау алаңын ашу көзделген. Сонымен қатар, асыл тұқымды мал басын сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы облыста 10,3 мың бас ірі қара мал сатып алынды. 

Сүт өңдейтін кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін облыста 45 арнайы сүт-тауар фермасы жұмыс істейді, бұл фермаларда жалпы саны 12,5 мың бас сиыр бар. 

Облыста сүт саласын одан әрі дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 2019 жылы 460,3 млн теңге қаражат тартумен 100-ден 400-ге дейін аналық мал басын қамтитын 4 сүт-тауар фермасы іске қосылды. 

Биыл қуаттылығы 100-200 аналық мал басын құрайтын 18 сүт-тауар фермасын құру жоспарланған. Сонымен қатар, 2020-2022 жылдары іске асыру көзделген 4 ірі сүт-тауар фермасы ірі жобаларын (Ақкөл ауданында 1200 мал басына «Енбек» ЖШС, Астрахань ауданында 1200 мал басына «Камышенка» ЖШС, Атбасар ауданында 1500 мал басына «Бастау» ЖШС, Целиноград ауданында 1000 мал басына «Мәншүк» ЖШС) іске асыру бойынша жұмыстар басталды. Аталған жобаларды іске асыру жылына 40 мың тонна көлемінде қосымша сүт өндірісін қамтамасыз етеді. 

 

2019 жылы өңірде экспорт көлемі 4,9%-ға артты

Ақмола облысында экспорт көлемі 2019 жылы $456,9 млн (өсім 4,9%) құрады, оның ішінде шикізаттық емес экспорт $153,4 млн құрады. 

Экспорт құрылымында негізгі үлесін құрайды: бидай (30,9%), подшипниктер (18,3%), арпа (7,2%), ұн (6,1%), күнбағыс (2,5%), уран (1,7%).

Келесі экспорт позициялары бойынша өсім байқалып отыр: подшипниктер 20%-ға, арпа 21,9%-ға, сүт 18,1%-ға, ет 41,2%-ға, зығыр тұқымы 3,2 есе, күнбағыс 4 есе, орамалайтын қапшықтар мен пакеттер 11,5 есе, сусындар 45%-ға. 

Облыста өнімдерін 26 елге жеткізетін 50-ден аса экспорттаушы компания жұмыс істейді (негізгі серіктестері - Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Түркия). 

Мысалы, «Астана-Агропродукт» ЖШС 2014 жылдан бері Мәскеу қаласындағы супермаркеттерге «Бакара» қазақстандық брендімен шығарылатын ет қосылған жартылай дайын өнімдерін жеткізіп келеді. 2019 жылдың наурыз айынан бері «Астана-Агропродукт» ЖШС Иранға ет өнімдерін экспорттайды. Жасалған келісімшарт аясында кәсіпорын 2019 жылы 900 млн теңге сомасына 450 тонна ет өнімдерін жеткізді. Биыл Қытай Халық Республикасына ет өнімдерін жеткізуге ұзақмерзімді келісімшарт жасалды (2020 жылы 1000 тонна ет өнімдерін жеткізу жоспарланған). 

20 жыл бойы «Көкшетау минералды сулары» АҚ «Тұран» («TURAN») брендімен Ресей Федерациясына минералды сулар мен алкогольсіз сусындарды экспорттап келеді. 

Өңірдегі бірегей кәсіпорын - Степногорск қаласындағы Еуропалық подшипник корпорациясының подшипник зауыты Ресей темір жолдарының жүк таситын жылжымалы құрамын тербеліс мойынтірегімен толық қамтамасыз етеді.

ИИДМБ аясында 151,8 млрд теңге сомасына экспортқа бағдарланған 28 жоба іске асырылуда, 3 мың жаңа жұмыс орны құрылатын болады. 

Орын алған соңғы жағдайларға байланысты облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың проблемалы мәселелеріне уақытылы үн қату мақсатында мүмкін болатын экономикалық тәуекелдерді анықтау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Ақмол облысы кәсіпорындарының шетел нарықтарына тауарларын тасымалдау кезінде жұмсайтын шығындарын өтеу мәселесі пысықталып жатыр. 

Бұдан басқа, тауарлардың экспорттық номенклатурасын кеңейту мәселесі пысықталуда. Мәселен, «Сапа Су» ЖШС және Өзбекстан Республикасы Сырдария ауданы Мирзаабад ауданының хокимиятының арасында жасалған келісім аясында темірбетон бұйымдарын экспортқа шығару мәселесі пысықталу үстінде. 

Экспортталатын өнімдердің негізгі үлесін құрайтын өнімдерді атап өткен жөн: бидай (31,6 %), арпа (7,1 %), майлы дақылдар (8,7 %), бидай ұны (5 %), тауық жұмыртқасы (1,7 %), сүт және сүт өнімдері (0,8%), ет және сорпа өнімдері (0,7%). 

Облыс әкімінің өкімімен Ақмола облысының тауарларын экспорттау жөніндегі өңірлік кеңес құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен экспорттаушы ірі кәсіпорындар кірді. 

Бұл шара ЕАЭО пен үшінші елдерге өнімдерді экспорттауға құқылы кәсіпорындардың тізіліміне 204 жуық кәсіпорынды қосуға мүмкіндік берді (оның ішінде ЕАЭО 169, ҚХР 34, басқа елдерге 1). 

Жалпы, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және жаңа кәсіпорындар салу есебінен өндіріс көлемін ұлғайту және импортты ығыстыру үшін едәуір перспективалар бар .

 

Нұр-Сұлтан қаласының маңында Азық-түлік белдеуін дамыту 

Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы Азық-түлік белдеуі бойынша 2020 жылы жалпы сомасы 82,3 млрд теңгеге 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған (7 жоба - сүтті мал шаруашылығы бойынша; 7 - ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша; 5 - астық сақтайтын қойма мен картоп сақтайтын қойма; 4 - мал бордақылау, тұқымдық мал алаңдарын салу бойынша; 4 - етті мал шаруашылығы бойынша; 2 - құс шаруашылығын дамыту бойынша; 1 - шошқа кешенін салу бойынша; 1 - балық өсіру бойынша).

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен облыстағы 128 кәсіпорын айналысады, оның ішінде: 68 - мал шаруашылығы өнімдерін (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері), 6 - құс шаруашылығы (құс еті, ас жұмыртқасы), 54 - өсімдік шаруашылығы (ұн, картоп, көкөніс, сұйық май). 

Өнімдер Нұр-Сұлтан қаласындағы 29 сауда үйіне, 10 сауда орталығына және 5 суда базарына жеткізіледі. 

Сонымен қатар «Ақмол» дүкендер желісі жұмыс істейді, онда облыстың «Cаpital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ПК, «Гормолзавод» ЖШС, «Агрофирма Родина» ЖШС, «Milk Project» ЖШС және т.б. тәрізді ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз өнімдерін өткізеді. 

Облыстағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер елорда базарына 14,3 мың тонна сүт өнімдерін (2019 жылдың сәйкес кезеңіне өсім 1,7%), 7,2 мың тонна ет және ет өнімдерін (өсім 1,8%), 67,2 млн дана жұмыртқа (өсім 3,2%) жеткізген. 

 

Соңғы 3 жылда өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 1,5 есе артты 

Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі соңғы үш жылда 1,5 есе артып, 2019 жылы 9,2 млн теңгені құрады (2016 жылы - 6,2 млн теңге), 2019 жылдың қорытындысы бойынша жеке инвестициялар көлемі 2016 жылға 1,8 есе өсіммен 2019 жылы 265,4 млрд теңгені құрады (2016 – 146,9 млрд теңге).

Бұл көрсеткіштердің өсу динамикасына негізінен инвестициялық жобалардың іске асырылуы ықпал етті. Мәселен, 2017-2019 жылдары Ақмол облысы бойынша экономиканың барлық салаларында инвестиция көлемі 296,4 млрд теңгені құрайтын 318 жоба іске асырылды, 5,7 мың жұмыс орны құрылды. 

Өңірдің ерешелігін ескере отырып, инвестция салу үшін негізгі бағыттар агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп және туризм салалары болып отыр. Соңғы уақытта жаңартылатын энергия көздері саласына инвестициялар көптеп салынуда. Қазақстандық және шетелдік инвесторлар келесі құрылыстарды салу бойынша бірқатар ірі жобаларды іске асыруда: 

  • инвестиция көлемі 105 млрд теңге болатын, жылына 6 тоннаға дейін алтын шығаратын «RG Processing» ЖШС тау-кен-металлургиясы кешені; 

  • 43 млрд теңгеге өнімділігі жылына 5 млн тоннаға дейін құрамында алтын бар кенді өңдейтін «Аксу Технолоджи» ЖШС фабрикасы;

  • Аршалы ауданында инвестиция көлемі 39 млрд теңге болатын қуаттылығы 100 МВт «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС жел паркі; 

  • инвестиция көлемі 16,8 млрд теңге болатын «East West company Ltd» ЖШС қонақ үй кешені; 

  • инвестиция көлемі 16 млрд теңге болатын қуаттылығы жылына 50 мың тонна етті құрайтын «Макинка құс фабрикасы» ЖШС бройлер құс фабрикасының 2-ші кезегі. 

Өңірдің инвестициялық тартымдылығы көлік-транзиттік әлеуетін дамығандығына, табиғи ресурстарының молдығына және пайдалы қазбаларының қорына, тиімді географиялық орналасуына байланысты. 

Облыста инветсорларға арналған фронт-офис жұмыс істейді, онда «бір терезе» қағидаты бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтері бір алаңда көрсетіледі. 

Сонымен қатар өңірлік инвесторлар кеңесі жұмыс істейді, онда проблемалы мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданады. 

 

2020 жылы өңірде 957 жұмыс орнын құрумен 23 индустриялық жобаны іске қосу жоспарланған 

Өңдеу өнеркәсібі - бұл Ақмола облысының индустриялық секторының негізі, онда 795 ірі, орта, шағын кәсіпорындар мен өндірістер жұмыс істейді.

Оң даму қарқыны 2010 жылдан бері 100-132% көлемінде, кейбір қызмет түрлерінің маусымдылығына байланысты құбылмалылығымен байқалып келеді. 

2019 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 81,5% құрады, яғни 2015 жылмен салыстырғанда 12,5%-ға және 2009 жылмен салыстырғанда 14,5%-ға артты. 2019 жылы өндіріс көлемі 626,6 млрд теңгені құрады.

 

2019 жылы 58,7 млрд теңге жалпы инвестициялар сомасына 30 индустриялық жоба іске асырылды, 580 жұмыс орны құрылды, бұл жаңа өндірістер құрып, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға мүмкіндік берді. 

2020 жылға 957 жұмыс орнын құрумен 71,6 млрд теңгеге 23 индустриялық жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде 33,6 млрд теңгеге 3 жоба пайдалануға берілді:

  • қуаттылығы 100 МВт болатын «KB-ENTERPRISES» ЖШС күн электр станциясы, бұл жоба ГК Хевел ресейлік инвестормен бірлесіп іске асырылды;

  • қуаттылығы тәулігіне 500 тоннаны құрайтын ұн тарту өнеркәсібінің «Урожай» ЖШС диірмен кешені мельничный;

  • сүт өңдейтін және сүт өнімдерін шығаратын «FAMILY FARM» ЖШС кешені.

Биыл жыл соңына дейін «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасын сату және оған қызмет көрсету бойынша сервис орталығы іске қосылады. Сонымен қатар 2020 жылдан кейін іске қосу мерзімімен өнеркәсіпте бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасады: «RG Gold» ЖШС алтын өндіру фабрикасы, «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС жел паркі, «Ereymentau Wind Power» ЖШС жел электр станциясы салынады. 

 

Өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің құрылымында азық-түлік саласы 16% құрайды

Ақмола өңірі Қазақстанның аса ірі агроөнеркәсіптік өңірі және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге едәуір үлесін қосады. 

Азық-түлік өнеркәсібіндегі жоғары өсу қарқыны соңғы 5 жылда сақталып келеді және қазіргі уақытқа дейін сақталған. 2019 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өнеркәсібінде өсу қарқыны 11,1% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 11,4 пайыздық тармаққа жоғары. 

2019 жылы өндірілді:

  • 51,9 мың тонна ет, өсім - 78,7%

  • өңделген сүт өндірісінің көлемі 80,8 мың тоннаны құрады, өсім - 23,9

  • 1,3 мың тонна ақ май өндірілді, өсім - 11%

  • сыр және ірімшік өндірісі – 1,2 мың тонна, өсім - 21,2%

  • ашыған сүт өнімдері өндірісі - 5 мың тонна, өсім - 9,4% және т. б.

Экспорттың жалпы көлеміндегі облыстың үлесі 70%-дан асады. Бұл ретте импорт үлесі небәрі 6,5% құрайды. 

Негізгі өткізу нарықтары – Ауғанстан 16%, Иран 11%, Ресей 5%, әлемнің қалған елдері бойынша - 4 %.

Қазақстан Республикасындағы Ақмола облысында 20,5% ет, 16% ас жұмыртқасы, 15% сүт, 10% ұн, 8% картоп өндіріледі. 

Бүгінгі таңда ақмолалық тауар өндірушілердің өндірісі облыс тұрғындарының қажеттіліктерін толық қанағаттандырып қана қоймай, оларды ас жұмыртқасы бойынша 4,4 есе, құс еті бойынша 2 есе, ірі қара мал еті бойынша 3,1 есе, ұн бойынша 47 есе, сүт және сүт өнімдері бойынша 2,4 есе, картоп бойынша 4 есе асыра өтейді. 

Елорда деңгейінде ет өнімдерінің 3-ші келісі (33%) (шұжық өнімдері, сиыр еті, жылқы еті), сүт өнімдерінің әрбір 3-ші литрі (34%) (сүт, айран, ірімшік), көкөністердің әрбір 3-ші келісі 30%) (қияр, қызанақ, сәбіз), әрбір жұмыртқа дерлік (93%), картоптың әр келісі (92%) Ақмола облысында өндірілген. 

2015 жылдан бастап азық-түлік өенркәсібіндегі инвестициялар көлемі 2,2 млрд теңгеден 2019 жылы 10,3 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл өсімге инвестициялық жобаларды іске асыру ықпал етеді. Мәселен, 2015 жылдан бері 63,6 млрд теңге сомасына 34 жоба пайдалануға берілді. Олардың қатарында тамақ өнеркәсібіндегі аса ірі жобаның - қуаттылығы жылына 50 мың тоннаны құрайтын «Макинка құс фабрикасы» ЖШС-ның 1-ші кезегі бар. Екінші кезегін 2020 жылы іске қосу жоспарланған, бұл Қазақстанның ішкі нарығының құс етіне деген сұранысының 15%-ына дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

2019 жылы 530 мың ш. м. аса тұрғын үй пайдалануға берілді 

2020 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында тұрғын үй салуға 12,2 млрд теңге қарастырылған (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым – 3,2 млрд теңге, жалға берілетін тұрғын үй – 3,4 млрд теңге, несиеге берілетін тұрғын үй – 1,2 млрд теңге), оның ішінде:

  • республикалық бюджеттен - 5,1 млрд теңге;

  • областық бюджеттен – 1,5 млрд теңге;

  • мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы «Байтерек девелопмент» АҚ қаражатын тарту - 5,6 млрд теңге.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді салуға республикалық бюджеттен 2 889,3 млн теңге сомасында нысаналы трансферт бөлінді. Жалпы аумағы 33 мың ш.м. болатын 11 жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласында 60 пәтерлік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Биыл 4 айда 4 жалға берілетін тұрғын үй, 12 мың ш.м. немесе 195 пәтер пайдалануға берілді. Несиеге берілетін тұрғын үйді салуға ЖАО облигацияларын шығару арқылы 2020 жылы 0,35%-бен 1,2 млрд теңге қарастырылған. Қосымша 4,25%-бен тағы 4,4 млрд теңге қарастырылған. 

2020 жылға несиеге берілетін тұрғын үйді пайдалануға бері жоспары 19,5 мың ш.м. құрайды. 2020 жылы республикалық бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға 1,9 млрд теңге, Ақкөл, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Есіл, Зеренді аудандарында, Көкшетау қаласында жеке тұрғын үй құрылысы және көппәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін 15 жоба қарастырылған.

Ақкөл ауданы мен Көшетау қаласында 661 жер учаскесін су және электрмен қамту желілерімен қамтамасыз ету көзделген. 

Биыл 6 мамырдағы мәліметтер бойынша «7-20-25» ипотекалық несиелендіру бағдарламасы аясында Ақмола облысында 8,3 млрд теңге сомасына 926 өтінім қабылданған, 5,9 млрд теңге сомасына 671 өтінім мақұлданған. 

2019 жылдың қорытындысы бойынша 534,1 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, 4648 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, жылдық жоспар 570 мың ш.м. құрағанда, 2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша 189 мың ш.м. тұрғын үйді пайдалануға берілетін болады. 

 

2020 жылы жергілікті маңызы бар 690 км жолды жөндеу жоспарланған


2020 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 36,6 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға — 10,5 млрд теңге, елді мекендердің көше-жол желісіне — 14 млрд теңге, Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-ға – 12,1 млрд теңге.

Осы қаражат шеңберінде 687,6 км жергілікті маңызы бар жолдарды және көше-жол желісін жөндеу жоспарланған (құрылыс және реконстукция жұмыстарына – 27,5 км, күрделі жөндеуге – 11,7 км, орташа жөндеуге – 258,4 км, ағымдағы жөндеуге – 140 км, ЖҚЖК аясында – 250 км).

Биыл 10 жаңа жобаны іске қосу көзделген, реконструкциялау жұмыстарымен 9 жоба қамтылған.

 

2019 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 31,6 мың адам қамтылды

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары аясында 2019 жылы мемлекеттік қолдау шараларымен 26,8 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 31,6 мың адам немесе 117,9% қамтылды.

2019 жылы 1048 шағын несие берілді немесе 4558,2 млн теңге сомасына жылдық жоспардың 86,7%-ы берілді, бұл 1 203 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. 1048 адамның 645-і немесе 61,5%-ы бастапқы бизнеске шағын несиелер алды. 2020 жылға облыста 15 612 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде 7 170 орын — тұрақты және 8 442 орын — уақытша.

Осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша облыста 3 751 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспардың 24%. Оның ішінде 1 418-і немесе 19,8%-ы тұрақты жұмыс орны.

Бұл шаралар жұмыссыздық деңгейін 0,1%-ға төмендетуге жол ашты.


ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны шамамен 130 мың адамды құрайды

2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) тіркелген субъектілерінің саны 52,5 мыңды құрады, жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны — 44,1 мың. ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 129,7 мың адамды құрады.

2019 жылы ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 822,4 млрд теңгені немесе 2018 жылдағы деңгейдің 100%-ын құрады (деректерді статистика органдары тоқсандық кешігумен жариялайды, 2020 жылдың 1 тоқсанындағы деректер биыл шілде айында белгілі болады).

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы 9 503 адамды қамту жоспарланған. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Бағдарлама аясында 1 629 азамат қамтылған, бұл жылдық жоспардың (9503) 17%-ын құрайды, 717,5 млн теңге немесе 9,3% игерілді.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық әрі кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты аясында 1 855 адамды оқумен қамту жоспарланған, оның ішінде:

  • 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап ТжКБ базасында 1 190 жас азамат оқумен қамтылады.

  • қысқа мерзімді оқытумен — 665 адам, оқуды биыл мамыр айында бастау жоспарланып отыр.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1 363 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған.

Елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты оқытуды осы жылдың маусым айының басында бастау жоспарланып отыр.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының мобильділігі арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты аясында белсенді жұмыспен қамту шараларымен 4 584 адамды қамту жоспарланған. Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 1 507 адам қамтылды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында инфрақұрылымды және ТКШ дамыту, 2020-2021 жылдарға халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін елді мекендерді абаттандыру бойынша облыста 11 252 жұмыс орнын құрумен 332 жобаны іске асыруға 45 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 5 626 жұмыс орны — Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы және 441-і — тұрақты жұмыс орны.

Бүгінде 85 жобаны іске асыру басталды, онда 296 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 218-і — Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы.


Облыстың медициналық ұйымдарында компьютерлік техникамен жабдықтау 100%-ды құрайды

Өңір тұрғындарына 7 513 медициналық қызметкер, оның ішінде 1 639 дәрігер және 5 874 орта медицина қызметкері медициналық көмек көрсетеді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2015 жылмен салыстырғанда облыс бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткізілді:

  • өмір сүру ұзақтығы 70,67-ден 71,43 жасқа дейін ұзарды;

  • жалпы өлім-жітім 1,3%-ға төмендеді;

  • ана өлімі 30,9%-ға төмендеді;

  • сәби өлімі 10,8%-ға төмендеді.

Ақпараттық жүйелер мен қосымшаларды енгізу, есептік медициналық құжаттама формаларын электрондық түрде жүргізу — қағаз түрінде құжаттаманы жүргізуден толық бас тарту жұмыстары қолға алынған.

Бүгінде медициналық ұйымдар бұған дайын, облыста медицина мекемелері компьютерлік техникамен 100% жабдықталған.

Дәрігерлік амбулаториялар деңгейіне дейін интернетпен 100% қамтамасыз етілген, медициналық ұйымдардың онлайн кеңестері енгізілген. Сондай-ақ жедел жәрдемді планшеттермен және бейнетіркеуіштермен жабдықтау жоспарланған.

Ақмола облысының тұрғындарын тіркеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Қазіргі таңда жыл басынан бастап бекітілмеген 35 000 тұрғынның 1 600-і ғана тіркелген жоқ.

Облыстың тіркелген халқының саны 784 785 адамды құрайды, оның ішінде халықтың 53%-ы МӘМС төлеушілері. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 24 сәуірге дейін Ақмола облысы Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына 10,7 млрд теңге аударды.

Ақмола облысының медициналық ұйымдарының инфрақұрылымын дамытудың 2026 жылға дейінгі өңірлік перспективалы жоспарына сәйкес (ӨПЖ) мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Көкшетау қаласында құны 74,6 млрд теңге болатын 630 төсек орнына арналған көпбейінді облыстық аурухана салу жоспарланған.

Кадрларды тарту және бекіту мақсатында осы жылы медицина қызметкерлеріне «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 40 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. Жыл сайын ауылдық жерге келген мамандарға 1 млн теңгеден көтерме ақы және 25% үстеме ақы төлеуге қаражат бөлінеді.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің медицина факультетінде жоғары медициналық білімі бар кадрларды даярлауға 94,4 млн теңгеге 100 медициналық грант бөлінді. 

Биыл жалпы сомасы 1,1 млрд теңге болатын 4 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады:

  1. Шортанды ауданы Степное ауылында ауысымына 25 келушіге арналған медициналық пункт;

  2. Целиноград ауданы Софиевка ауылында ауысымына 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория;

  3. Целиноград ауданы Қосшы ауылындағы аудандық емхана;

  4. Көкшетау қаласындағы онкологиялық емхана.

Материалдық-техникалық жарақтандыруға 204 бірлік медициналық жабдық, оның ішінде қымбат тұратын магнитті-резонанстық томограф сатып алуға 1,4 млрд теңге жұмсалды.

Сонымен қатар коронавирус бойынша ахуалға мониторинг жүргізу басталғаннан бері 5 942 адам есепке алынды (оның ішінде 5195 адам есептен шығарылды), 747 адам әзірше бақылауда. Зертханалық расталған коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай — 110, бір апта ішінде вирусты жұқтыру өсімі 1,3%-ды құрады. 95 адам сауығып, жазылып шықты, 4 адам көз жұмды.

Вирусты жұқтырғандардың басым бөлігі – 103 адам елорда маңы аймағында (Целиноград ауданы – 97 адам, Аршалы – 4 адам , Шортанды – 2 адам) тіркелді.

Атқарылған жұмыс жұқпалы аурулар қызметтерінің маңыздылығын көрсетті. Алынған тәжірибені ескере отырып, аудандық ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімшелері күшейтілді, облыстық бюджет қаражатынан медицина қызметкерлеріне 80 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Облыс бойынша компьютерлік техникамен жабдықтау 100%-ды құрайды. Облыстың медициналық ұйымдарында 5 390 жұмыс орны бар (медициналық қызметкерлердің ауысымдылығы мен кезекшілігін есепке алғанда), оның ішінде компьютерлік техникамен жарақталғаны — 5390. Облыстың 562 денсаулық сақтау нысанының 472-і интернет желісіне қосылған, бұл 84%-ды құрайды.

 

Облыс мектептерінде жаңа оқу бағдарламалары бойынша 121 мыңнан астам оқушы немесе оқушылардың 96,5%-ы білім алуда

Білім беру жүйесінде барлық бағыттар бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мектепке дейінгі білім беру саласында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтамасыз етілген, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту жұмыстары қолға алынған (75,4%).

Орта білім беруде жаңартылған мазмұнға көшу аяқталуға жақын. Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында облыс колледждерінде 21 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Облыстың 28 колледжінде қосарлы білім беру жүйесі енгізілген. «Жас маман» жобасын іске асыру жұмыстары ұйымдастырылған. Оған 2020 жылы 5 колледж қатысады, 2021 жылы жобаға тағы 6 колледжді енгізу көзделген.

Облыс WorldSkills халықаралық қозғалысына белсенді түрде қатысады және оң даму қарқынына ие. Жалпы білім беретін мектептердің шамадан тыс жүктелу проблемалары шешілуде (үш ауысымда оқытатын 12 мектеп):

  • Целиноград ауданында 2 820 орынға арналған 4 мектептің және Көкшетау қаласындағы мектептерге 1 320 орындық 3 қосымша оқу ғимаратын салу жұмыстары жүргізілуде.

  • Биыл Көкшетау қаласында қосымша оқу корпусының және Аршалы ауданында 2 мектептің құрылысы басталады.

Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерді үш ауысымдық оқыту мәселесі алдағы үш жылда шешіледі. Білім беру жүйесін цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде 1 334 білім беру ұйымы тіркелген. «Kundelik» жүйесін облыстың барлық 556 мектебі (276 мың пайдаланушы) пайдаланады. Облыстың барлық мектептері «BilimLand» инновациялық білім беру платформасын (15 мың пайдаланушы) қолданады және кең жолақты интернетке қосылған.

Компьютерлік паркті жаңарту үшін 2020 жылы облыстық бюджеттен 1 200-ден астам компьютер сатып алуға 420 млн теңге бөлінді. Мектептерді роботты техника кабинеттерімен жабдықтау қолға алынған. Осы жылы 25 роботты техника кабинетін сатып алуға 100 млн-ға жуық теңге бөлінді.

Барлық колледждер қашықтан білім беру технологияларын қамтитын автоматтандырылған жүйелерде жұмыс істейді. Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда кезектілікті қалыптастыру және балабақшаларға жолдама беру процесі автоматтандырылған. Облыс мектептері 100% (556 мектеп) білім берудің ақпараттық жүйелерімен қамтылған. Мектептердің компьютерлік паркі 15 мың бірлікті құрайды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде «SmartNation» (33 колледж) оқу процесі 100% автоматтандырылған. Барлық 7 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Бұл жүйе колледждерде барлық жұмысты цифрлық форматта жүргізуге мүмкіндік береді.

 

2018 жылы Ақмола облысына 1 млн астам турист келген

2019 жылы аймақта 7,5 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 19%-ға жоғары (облыстың ЖӨӨ құрылымындағы туризм үлесі — 0,5%). Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер саны 394,9 мың адамды құрады, өсім — 16,6%.

Бұл өсім жазғы кезеңде (жоғары маусым) туристік өндіріс көлемінің тұрақты өсуімен, туризм саласына инвестициялар көлемінің ұлғаюымен, жаңа инфрақұрылымдық нысандардың салынуымен (2019 жылы 11 туристік нысан пайдалануға берілді), өңірлік туристік өнімнің ассортиментін кеңейтумен (Нұр-Сұлтан қ. маңындағы белдеуде демалыс күнінің турларын ұйымдастыру), туристік қызметтердің көліктік қолжетімділігін арттырумен қамтамасыз етіледі.

Щучинск-Бурабай курорттық аймағы — ауқымды туризмді дамытуға ықпал ететін бірегей табиғи-мәдени мұраға ие және еліміздің туристификация картасының ТОП-10 ең үздік орындарының бірі.

Дестинация аумағында 2020 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған ірі инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Бұл курорттық аймақтардың, қонақ үйлердің, спорттық-сауықтыру кешендерінің және т. б. құрылысы.

Инженерлік және жол инфрақұрылымын салу Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының ІІІ кезеңі және Қазақстанда туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Зеренді ауданының туристік әлеуеті көптеген туристерге жаз және қыс мезгілдерінде де демалуға мүмкіндік береді. Оған арналған демалыс аймақтары, тау шаңғысы базалары, туристік бағыттар бар.

Ақмола облысының әкімдігі Зеренді курорттық аймағын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын әзірледі, ол 45 іс-шараны кезең-кезеңмен іске асыруды көздейді. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында қолдау инфрақұрылымын дамытуға және курорттық аймақты абаттандыруға 2019 жылы 1,3 млрд теңге бөлінді.

Имантау-Шалқар курорттық аймағымен байланыстыратын облыстық маңызы бар екі автожолды орташа жөндеу жобалары әзірленді. Ұзындығы 80 км болатын Щучинск–Зеренді автомобиль жолының құрылысы аяқталды.

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында 2020 жылы «Aurora Garden» отбасылық демалыс орталығын 50 млн теңге инвестиция көлемімен кеңейту, сондай-ақ 20 млн теңге инвестиция көлемімен «Парус» балалар сауықтыру орталығын кеңейту жоспарланған.

Шипажайлық-курорттық туризмді дамыту үшін 2020 жылы жалпы инвестиция көлемі 467 млн теңге болатын “ Зерен Нұр» СК аумағында 8 VIP нөмірлі және термалды бассейні бар медициналық блокты салу жоспарланған.

Ақмола облысының республикалық желісінде 179 жол сервисі нысаны бар. Олардың 70%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді. Туристердің келуіне қолайлы жағдай жасау және санитарлық-гигиеналық тораптармен қамтамасыз ету жұмыстары 2019 жылы басталды.

Осы жылы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола филиалымен аудандар мен қалалар әкімдіктерімен бірлесіп, облыстың барлық ЖСҚ-сын өзектендіру және ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысының әкімдігі 2019 жылы 8 қала құрылысы жобасын әзірледі. 2020 жылы 5 даму және құрылыс сызбасын әзірлеу (Ақкөл ауданының Домбыралы, Радовка, Еңбек ауылдары, Аршалы ауданының Түрген және Ақбұлақ ауылдары) және Аршалы кентінің егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарымен бас жоспарды түзету жұмыстары басталды.

 

Елорда төңірегіндегі «Жасыл белдеу» 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың Щучинск-Бурабай курорттық аймағының орман алқаптарын Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл» белдеуімен қосу жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2009 жылдан бастап кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде, 2 кезеңде ағаштар отырғызылды. 2019 жылы 2 жылдық екпе көшеттерімен 464 мың дана көлемінде отырғызылды.

2020 жылы отырғызылған ағаштарды күту жұмыстарын жүргізу жоспарланған (қатар аралықтарын және ықтырмааралық кеңістіктерді культивациялау, қатарларға қолмен күтім жасау, суару, өртке қарсы аралықтарда топырақты қайта жырту жұмыстары жүргізіледі).

Бұдан өзге, жұмыстардың 3 кезеңін жүргізу мақсатында 2021 және одан кейінгі жылдары ағаш отырғызу үшін топырақ-іздестіру (ауданы 2,5 мың га учаскелер белгіленген) және жобалау жұмыстары жоспарланып отыр.

 

Нұр-Сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары

Ақмола облысының әкімдігі бірінші кезеңде 52 іс-шараны аяқтады, 5 ауылда 169 км электрмен жабдықтау желісі, 8 трансформаторлық тарату желісі салынды, 7 ауылда 44 км автожолдың негізгі учаскелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, жылумен жабдықтау жүйесі (қазандық, жылу желілері) қайта құрылды, 36 пәтерлі екі тұрғын үй, 8 балабақша, 6 орта мектеп, 9 медпункт, ауысымына 250 келушіге арналған 1 аудандық емхана, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт салынды, 129,4 км сумен жабдықтау және су тарту желісі жаңғыртылды, 3 ауылдың бас жоспарлары әзірленіп, бекітілді және басқа елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына өзгерістер енгізілді.

Екінші кезеңде 73 іс-шара аяқталды, 12 ауылда 69,5 км автомобиль жолы жөнделді, 30 мың адамды қамти отырып, 9 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді, төрт 45 пәтерлі тұрғын үй, тұрғын үй құрылысы объектілеріне инженерлік желілер, 8 ауылда электрмен жабдықтау желілері және денсаулық сақтау нысаны (медициналық пункт), орталық қазандық салынды.

Қазіргі таңда 2024 жылға дейін елорда маңы аймағын дамытудың үшінші кезеңінің жобасы әзірленіп жатыр

Нұр-Сұлтан қ. маңындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін адам саны 100 мыңнан астам болатын облыстың 7 елді мекенінде (Ақмола, Қосшы, Қараөткел, Қоянды, Жібек жолы, Нұресіл, 96 жол айрығы) 25 млрд теңгеге 19 басым жобаны жүзеге асыру көзделген.

2019 жылы республикалық бюджеттен 10 жобаны жүзеге асыруға 7,5 млрд теңге бөлінді. Қосшы ауылында су таратқыш пен су бұру желілері, Нұресіл ауылында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының қала маңы аймағына кіретін аудандар қатарына Ақкөл, Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандары кіреді. Елорда маңы демалыс аймақтары демалушыларды тек астанадан ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен және жақын шетелдерден қабылдайды. Табиғи, зоологиялық, гидрологиялық жағдайлардың, мәдениет және тарих ескерткіштерінің болуы туризм инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы туризм демалыс күндері демалу мақсатында қала маңындағы аудандарға баратын жергілікті халыққа да байланысты. Тиісінше, осы аймақта демалыс күнінің туризмі дамыған. Туризм индустриясы елорда маңы туризмі аймақтарында 100-ден астам нысанды қамтиды. Сондай-ақ, туристік сала объектілерінің артуы байқалады, бұл — мейманханалар мен демалыс базалары, қонақ үйлер мен жол бойындағы қызмет көрсету нысандары.

2017 жылы Аршалы ауданында Нұр-Сұлтан қаласынан 15 км қашықтықта орналасқан «Бейбарыс» демалыс орны ашылды. «Бейбарыс» демалыс аймағында 700 млн теңгеге мейрамхана залын, 2021 жылы 300 млн теңгеге бассейнді пайдалануға беру жоспарлануда.

Сондай-ақ, Аршалы ауданының аумағында Волгодоновка ауылдық округінде 710 млн теңге тұратын «Көктерек сервис» ЖШС туристік демалыс базасының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Целиноград ауданында «Золотой Фазан» демалыс базасын кеңейту жұмыстары аяқталды, онда сыйымдылығы 24 төсек-орынға дейін болатын тағы 3 үй салынды, демалушылар үшін сервисті жақсарту жұмыстары қолға алынған. Ақкөл ауданында туристік база салынып жатыр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу