Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар айындағы қаржы-кредит саясатының жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды.

Ерболат Досаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімдеді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудың 2019 жылғы есебі берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу