Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы баспасөз конференциясы өтеді

Дүйсенбі күні, 29 шілдеде, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 2019 жылдың І жарты жылдығында іске асыру қорытындылары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. 

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов шара спикерлері болады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан және FacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу