26 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 26 қарашада, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • «Электрондық үкіметті» дамыту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері;
  • Еңбек қатынастарын реттеу шаралары.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Үкімет отырысының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, FacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу